4 қазанда елдің бес облысында -3°С-қа дейін үсік болады
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 4 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, антициклон сілемі әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.
Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста – көктайғақ болжанып отыр.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде -1-3°С үсік болады.
Елдің басқа өңірлерінде:
- Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі;
- Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript