Ақтөбе – Алматы рейсінен 33 және 51 жастағы екі жолаушы түсірілді

Ақтөбе – Алматы рейсінен 33 және 51 жастағы екі жолаушы түсірілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 18:17 Сурет: polisia.kz
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті әуе кемелерінде жасалған 508 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, көп тараған құқық бұзушылықтар алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру - 313 факт, ұшақ бортында темекі шегу - 131 факт, ұсақ бұзақылық - 32 факт және басқа да құқық бұзушылықтар.

Кезекті оқиға Ақтөбе қаласының әуежайында болды. Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуе компания өкілінің толтырған акт негізінде Ақтөбе – Алматы бағытындағы рейстен 33 және 51 жастағы Алматының екі тұрғынын түсірді.

Тексеру барысында жолаушылардың рейске тіркеу кезінде мас күйінде болып, агрессивті мінез-құлық танытқаны және балағат сөздер айтқаны анықталды.

Құқық бұзушылар қоғамдық орынға масаң күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Көліктегі ПД азаматтарды қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әуе кемелерінде және қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін бұзбауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: