Мәдениет мәселелері бойынша заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

Мәдениет мәселелері бойынша заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 15:20 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылдың 6 қарашасында Сенат депутаттары мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенат депутаты Талғат Жүнісовтың айтуынша, заңның мақсаты – мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларындағы заңнаманы жетілдіру.

"Заңның негізгі ережелері мынадай: Мәдениет саласында – жергілікті атқарушы органдарға кітапхана қорларын сақтау және дамыту жөніндегі өкілеттіктерді беру; мемлекеттік кітапханаларға өз ғимараттарын ұсыну шартымен білім беру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету құқығын беру; мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырушыларға концерт кезінде фонограмма пайдалануға шектеу қою (тек тележазбалар мен концерт өткізуге арналмаған алаңдардан басқа жағдайларда рұқсат етіледі); сондай-ақ жеке білім беру ұйымдарына атау беру немесе қайта атау кезінде ономастикалық комиссиямен келісу рәсімін енгізу", – деді Жүнісов.

Білім беру саласындағы түзетулер мыналарды қамтиды:

  • халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтарға бір реттік төлемдер енгізу;
  • мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыған, мемлекеттік жәрдемақы алған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған немесе І топтағы мүгедектерге күтім жасап жүрген адамдарды мемлекеттік тапсырысты өтеу міндетінен босату;
  • шетелдік резидентураларда, магистратураларда, аспирантураларда және докторантураларда оқыған азаматтарға мемлекеттік грантты өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру;
  • уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мектептерді салу және күрделі жөндеу жөніндегі өкілеттіктерін нақтылау;
  • уәкілетті органның өкілеттігін кеңейту: бірінші сынып оқушыларына бейімдеу бағдарламасын бекіту, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының тиімділік рейтингін бағалау әдістемесін және олардың жіктелуін анықтау;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретін кеңейту: жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін, олардың жіктелу ережелерін, сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының (және/немесе филиалдарының) қызметі мен нысандарын реттейтін ережелерді бекіту.

Отбасы заңнамасы саласында енгізіледі:

  • бала асырап алу, қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау кезінде туыстарға басымдық беру;
  • қамқоршы бола алатын адамдар тізімін кеңейту;
  • қамқоршылардың заң талаптарына сәйкестігін міндетті түрде тексеру.

Бұдан бөлек, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске балалар ұйымдарына және балалардың құқықтарын қорғау саласына қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекше мемлекеттік тәртібі енгізіледі. Осыған сәйкес нормалар Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңға да енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: