Қарағанды облысында талайларды тақырға отырғызған "жиһаз шебері" тұтқындалды

Қарағанды облысында талайларды тақырға отырғызған "жиһаз шебері" тұтқындалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 15:05 Сурет: pixabay
Қарағанды облысының полицейлері интернетте алаяқтық жасаған 27 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады. Енді ол сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, алаяқ Instagram-да жалған парақша ашып, жиһаз жасауға тапсырыстар қабылдаған.

"Ол алдын ала төлем алып, бірақ жұмысты орындамаған. Осылайша, 2020-2023 жылдар аралығында 22 адамды алдап, 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген",- делінген полицейлер ақпаратында.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болуға шақырады.

"Тек сенімді сатушылардан тауар алу, арзан ұсыныстарға сенбеу және бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасамау қажет. Күдікті жағдайлар болса, полицияға хабарлаңыз!",- деп ескертті полицейлер.

Бұған дейін Астанада геологтар үшін 14 млрд теңгелік зертхана салынатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: