Алматыда Түрксіб ауданындағы асфальтты қалыпқа келтіруге байланысты қозғалыс уақытша өзгереді
Фото: Zakon.kz
Алматыда Лавренев көшесі учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш мәлімдемені "Алматы жылу жүйесі" ЖШС жасады.
"2025 жылғы 26 қарашада сағат 23:00-ден 28 қарашада сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Лавренев көшесі бойынша Наманганская көшесіндегі № 43а үйден Майлин көшесіне дейін, батыс жағымен автокөлік қозғалысы шектеледі".
Екі бағыттағы қозғалыс аталған учаскенің шығыс жағында ұйымдастырылатын болады.
"Мамандар анықтаған осы көшенің жүру бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының шөгуін жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері шеңберінде жүргізетін болады",- делінген ақпаратта.

Сурет: Telegram/AlmatyJoly
Бұл ретте, ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.
Бұған дейін Астанада автобуста газ баллонын қолданған азамат жауапқа тартылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript