Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылыс жұмыстарын тексерді

Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылыс жұмыстарын тексерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 23:01 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қалқаман" метро бекетінің және оған іргелес тоннельдердің құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сол жақтағы тоннельде рельстер төселіп, жарықтандыру, кабель тарту, су құбыры мен дренаж жүргізу, инженерлік жабдықтарға арналған кронштейндер орнату жұмысы аяқталды.

Алдағы кезеңде бейнебақылау, дауыс хабарлау жүйесі, өрт және күзет дабылдарын монтаждау жоспарланған.

"Оң жақ тоннельде қазу жұмысының негізгі бөлігі аяқталды. Бекет аумағында монолитті құрылымдар бойынша жұмыс соңғы кезеңде. Сонымен қатар әрлеу, коммуникациялар тарту және жабдықты орнатуға дайындық жүріп жатыр. Құрылыс тәулік бойы жүргізілуде, нысанда 478-ден астам маман жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Әкім жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімді қатаң сақтау қажет екенін айтты.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: