Ұлытауда ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері 700 миллион теңгеге 100 жоба қаржыландырылды

Посев, полевые работы, поле, поля, сельское хозяйство, сельхозтехника, сельскохозяйственная техника, трактор, тракторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 13:31 Фото: akorda.kz
Ұлытау облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал биылдың өзінде құйылған инвестиция көлемі – 2,5 млрд. теңге. Бұл туралы, бүгін 3 желтоқсанда ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Дастан Рыспеков айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша жалпы жыл басынан Ұлытау ауданында 400 гектар алқапта суармалы дақылдар мен көкөніс өсіру, Жезқазған қаласында 5 000 бастан асатын қой шаруашылығы фермасының құрылуы, Жезқазған қаласында 500 гектар аумақта суару жабдықтарын қолдана отырып, мал азығын егу жобасы, ⁠Жаңаарқа ауданында 367 гектар аумақта суару құрылғыларын қолдана отырып, мал азығын егу бойынша 2 жоба, Жаңаарқа ауданында 12 900 басқа арналған қой отбасылық фермасын салу, Жаңаарқа ауданында 7 800 басқа арналған ірі қара мал отбасылық фермасын құру жобалары бастау алды.

"Қазіргі таңда, облыс әлеуметтік азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша, атап айтар болсақ, сиыр еті, бірінші сортты бидай ұны және бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанымен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, инвестициялық жобалардың іске асырылу нәтижесінде тауық жұмыртқасымен қамтамасыз ету 0-ден 40%-ға жетіп отыр",- деді ол.

Сонымен қатар, әкім келесі жылы қосымша тауық еті және картоппен ішінара қамтамасыз ету жоспарлануда екенін атап өтті.

"2022 жылы облыс аумағында суармалы құрылғыларды қолданатын егістік алқаптар болмады, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1,7 мың гектарға жетті, 2026 жылы 2,5 мың гектарға дейін жеткізу жоспары тұр". Дастан Рыспеков

Айта кетейік, былтыр Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы және Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: