Қазақстандықтарға несие алудан ерікті түрде бас тартуға болатындығы еске салынды
Фото: pexels
Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады. Бұл туралы бүгін, 5 желтоқсанда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеудің қолданылу мерзімі шектелмегені, қажет болған жағдайда оны кез келген уақытта алып тастауға болатындығы атап өтілді.
Қызмет тек азаматтардың өздеріне ғана қолжетімді.
Қызметті eGov.kz порталы арқылыда алуға болады, ол үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Кеден және салықтар" бөліміне өтіңіз;
- тізімнен "Экономика және қаржы" бөлімін таңдап, "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Түсінікті болу үшін мамандар бейнеролик те ұсынды.
Бұған дейін Қазақстанда мектептер мен балабақшаларға жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілетінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript