Ресей Қазақстанға Бауыржан Момышұлы туралы мұрағат құжаттарын тапсырды
Кездесу барысында тараптар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың батырлығын есте сақтау жөніндегі бірлескен іс-шараларды талқылады.
Мемлекеттік әскери-тарихи музейге қазақстандық жауынгерлердің Мәскеу шайқасындағы қаһармандығы туралы бірегей мұрағаттық құжаттар мен материалдар табыс етілді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Тыл еңбеккерлерінің ерліктерін мәңгі есте сақтауға бағытталған патриоттық жобаның тұсаукесері аясында Ресейдің тарихи қоғамы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске баға жетпес үлес қосқан Қазақстанның елді мекендеріне «Даңқты еңбек қаласы» атағын беруді ұсынды. Тізімге 11 қала кірді: Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен қалалары.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 77 жылдығы қарсаңында ата-бабамыздың ерлігін еске алуға деген тұрақты бағытымызды растайтын маңызды іс-шара өткізілуде. Ресейде құрылған «Даңқты еңбек қаласы» жобасы Қазақстанда да тиісті жалғасын табатын болады. Қазақстан соғыс жылдарында «майдан арсеналына» айналғаны, қорғаныс өнеркәсібінің негізгі базасын қажетті отынмен қамтамасыз еткені, көмір, түсті металл өндіргені, шикізат және азық-түлік базасына айналғаны, өзінде эвакуацияланған 220 фабрика мен зауытты қабылдағаны баршаға мәлім, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстаннан Қызыл әскерге аттанғандардың жалпы саны шамамен 1 200 000 адамды құрады, олардың тең жартысы соғыстан оралмады. 12-ші атқыштар және 4-ші атқыштар дивизиясы, 7-ші атқыштар бригадасы және полктер мен батальондардың 50-ге жуығы біздің елде құрылды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі