Жаңалықтар тізбегі
0

Трамп Нурмагомедовқа Палестина бойынша күтпеген уәде берді

Трамп Нурмагомедовқа Палестина бойынша күтпеген уәде берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 15:25 Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov, Instagram/realdonaldtrump
2024 жылдың 2 маусымында АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп UFC-нің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен сөйлесті. Олардың кездесуі турнирлердің бірінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамп Нурмагомедовқа Палестинадағы соғысты тоқтатуға уәде берді.

Саясаткер мен спортшының әңгімесінің бейнежазбасын x парақшасында бұрынғы ММА иегері Там Хан жариялады.

Нурмагомедов экс-президентке сөйлеген сөзінде:

"Мен білемін, сіз Палестинадағы соғысты тоқтата аласыз".

Трамп бұған сенімді түрде жауап береді:

"Біз оны тоқтатамыз. Мен оны тоқтатамын".

Айта кетейік, АҚШ президентін сайлау 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Негізгі қарсыластар: қазіргі Мемлекет басшысы Джо Байден, сондай-ақ бұрынғы американдық көшбасшы Дональд Трамп.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: