Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 38 марқұмның 10-ын туыстары танып, жеке басын растады

ТЖМ, Ақтау, ұшақ апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 18:56 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 38 марқұмның 10-ын туыстары танып, жеке-басын растады. Бұл туралы 2024 жылғы 26 желтоқсанда ҚР ТЖМ хабарлады.

Оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

"Қаза тапқан 38 адамның 10-ының жеке басы анықталып, танылды: Қазақстан азаматы - үшеу, Ресей - үшеу және Әзербайжанның төрт азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адамның жеке басы анықталып, танылған", делінген хабарламада.

14 зардап шегуші еліне оралмақ. Осы мақсатта бір топ делегация мінген екі борттың Әзірбайжанға ұшуы жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы толыққанды мағлұматтар топтамасын ұсынған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: