Таң сәріде Алматыдағы базарда өрт тұтанды

Таң сәріде Алматыдағы базарда өрт тұтанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 13:54 Сурет: Instagram/112almaty_tjd
Алматы қаласының Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында өрт шықты. Оның жалпы ауданы 70 шаршы метрге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келген кезде асхана өртеніп, оттың 20 тонналық екі контейнерге ауысқаны анықталды.


"Сөндіру кезінде дрондар пайдаланылды. Олардың көмегімен өрт сөндірушілер таралу ошақтары мен жоғары температура орындарын анықтады",- делінген ақпаратта. 

Атап айтқанда, қабылданған шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, кәсіпкерлердің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, екі газ баллоны эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін Ташкенттегі ірі базардың толығымен күлге айналғандығын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: