ШҚО-да аю әкімдік ғимаратына "кіріп-шыққан"

Аю, ШҚО, Серебрянск, әкімдік, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 18:58 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде әкімдік ғимаратына аю кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы gde_novosti_uka жергілікті парақшасында түнде қаланы аралап жүрген маймақ аяқтының видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында әзіл-шыны аралас былай делінген: "Маймақтың Серебрянск әкімдігінде шаруасы бар сияқты, сондықтай өзі жекелей кіріп-шығайын деп шешкен секілді".

Видео астындағы түсініктемелерден жұртшылықтың аю арқылы қоғамның бүгінгі өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқанын көруге болады:

  • "Әкімдік қайда қарап отырғанын сұрап шығайын деген шығар".
  • "Ол өзі әкім қабылдауына жазылып па екен?"
  • "Әділдік іздеп келген болар"
  • "Коммуналдық қызмет мәселесі бойынша сөйлеспек, неге бағаларды тоқтаусыз көтере береді деп". "Жануарлардың да әкімдікке қоқыстан бастап қояр көптеген сұрақтары бар".
  • "Айыппұл төлеуге келген болар!".

Айтпақшы, аюдың қалада пайда болу фактісін Серебрянск қаласының әкімдігі растады. Қала әкімі Нұргүл Бақынованың айтуынша, екі апта бұрын тұрғындар жергілікті әкімдікке жақын маңнан аюдың іздерін байқағандарын хабарлаған.

"Біз "ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-ге ресми өтініш жолдадық. 10-12 тамыз аралығында қала аумағында арнайы әрекет ету отряды жұмыс істеді, олар жергілікті тұрғындардан сұрақ-жауап алды, бірақ ол кезде жануар табылмады. Алайда, 18 тамызда оның түнгі уақытта алаңда пайда болғаны анықталды", - деді Нұргүл Бақынова.

Осыдан кейін әкімдік аюдың қай жерде екенін анықтау және қажетті шараларды қабылдау үшін арнайы мамандарға қайта жүгінді.

Бұған дейін Өзбекстанда жабайы жануарлардың заңсыз саудасына қарсы күрес күшейтілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: