"Қайрат" тарихты жазып, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті

"Қайрат" тарихты жазып, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2025 00:29 Сурет: Zakon.kz
27 тамызға қараған түні өткен УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіндегі матчта қазақстандық "Қайрат" шотландиялық "Селтикті" пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өте шиеленісті өткен ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Одан кейін италиялық төреші Маурицио Марани жеңімпазды анықтау үшін қосымша 30 минут қосты.

Экстра-таймда шотландтар жеңіске жақын болды, алайда Қазақстан чемпионы қарсыластың жойқын шабуылдарына төтеп берді.

Жекпе-жектің тағдыры пенальти сериясында шешілді, бұл жолы "Қайратқа" сәттілік серік болды.

Матчтың басты қаһарманы алматылық команданың қақпашысы Темірлан Анарбеков атанды. Ол шотландиялықтардың үш бірдей 11 метрлік соққысын қайтарып, командасына жеңіс сыйлады.

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, "Қайрат" алғаш рет өз тарихында УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының гимні алғаш рет шырқалғанын хабарланған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: