Ақорда президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 16:32 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 5 қыркүйекте Ақорда еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

"Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: