Алматыда такси жүргізушісі жас қызды зорлады деген күдікке ілінді

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 09:44 Фото: unsplash
Әлеуметтік желілерде Алматыда 18 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың туыстарының айтуынша, ол кешкі уақытта байланысқа шықпай қойған, кейіннен табылған. Қыздың айтуынша, оны бұрын өзіне көңіл білдірген, бірақ жақын таныс емес ер адам зорлаған. Туыстарының сөзінше, күдікті – такси жүргізушісі.

Бұл ақпаратқа қатысты Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінді.

"Жәбірленушінің арызында көрсетілген дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қызметкерлері ҚР ҚК бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Алматы қаласының полициясы объективті әрі жан-жақты тергеу жүргізуді қамтамасыз етеді", – деп түйіндеді полиция департаменті.

Бұған дейін Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: