Алматыда 180 мың литрден астам заңсыз алкоголь мен бір миллионнан астам темекі тәркіленді

Алматыда 180 мың литрден астам заңсыз алкоголь мен бір миллионнан астам темекі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 14:49 Сурет: Алматы МКД
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың 10 айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және болдырмау бағытында ірі көлемдегі заңсыз алкоголь мен темекі өнімдерін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Алматыда заңсыз айналымнан:

  • 180,2 мың литрден астам алкоголь өнімдері;
  • 1 миллионнан астам темекі қорабы;
  • 10 мың тоннадан астам мұнай өнімдері алынған.

Сурет: Алматы МКД

Департамент тіркеген негізгі құқықбұзушылықтар:

  • Алкоголь өнімдері бойынша: лицензиясыз қызмет және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының болмауы;
  • Темекі өнімдері бойынша: таңбаланбаған темекі өнімдерін сату;
  • Мұнай өнімдері бойынша: тауарларға ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымға шығару.

Департаменттің мәліметінше, акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау жұмысы мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелеріндегі деректерді талдау негізінде, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен шаралар аясында жүргізілуде.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындары мен қоғамдық ұйымдарынан келіп түсетін өтініштер де қосымша ақпарат көзіне айналып отыр.

Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы мемлекетке және адал кәсіпкерлерге елеулі залал келтіреді, сондай-ақ халық денсаулығына қауіп төндіреді. Өнімнің түпнұсқалығын тексеру үшін тұрғындар "e-Sapa" және "NAQTY ONIM" мобильді қосымшаларын пайдалана алады.

Алматылықтар акцизделетін өнімдердің заңсыз сатылуы туралы ақпаратты: Алматы, Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайына, немесе 8 727 270 07 83 нөміріне хабарлай алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: