ІІМ азаматтардың өтініштерін тексеру кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді
ҚР Ішкі істер министрлігі түрлі ақпараттық ресурстарда орналастырылған өтініштердің, оның ішінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдардың ашықтығын, жариялылығын және нақты ұстанымды қамтамасыз етеді.
Мәселен, 15 қаңтарда Instagram әлеуметтік желісінде белсенділердің бірінің парақшасында Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын ол жасамаған қылмысы үшін ұсталғаны туралы жарияланды.
Айта кетер жай, оқиға орнынан алынған бейнежазбаларға қарағанда, 5 қаңтардан бұл азамат ІІО қызметкерлерінің өміріне қол сұғып, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін полиция қызметкеріне автокөлікпен қасақана шабуыл жасады. Соның салдарынан учаскелік полиция инспекторы бірнеше ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 380-1-бабы 2-бөлігі (Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
16 қаңтарда әлеуметтік желідегі “botina.kz” парақшасында қаңтардың 4-інен 5-не қараған түні Алматы қаласында бейбіт митинг барысында жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсеткені туралы өтініші жарияланды. Оның айтуынша, сол жігіт бірнеше күннен кейін ол қамауға алынған.
Тексеру барысында 22 жастағы ер адамның ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша прокуратура органдары жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғаны және соттың санкциясымен қамауға алынғаны анықталды.
16 қаңтарда Telegram желісінде Степногорск қаласынан келген экоактивистке қатысты заңсыз әрекеттер туралы өтініш жарияланды, туыстарының хабарлауына қарағанда ол заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған.
Алайда 4 қаңтарда бұл азаматтың Youtube арнасындағы жеке парақшасында тікелей эфир барысында қала тұрғындарын заңсыз наразылық білдіруге шақырғаны анықталды.
Аталған факті бойынша Степногорск қаласының Полиция басқармасы ҚР ҚК 174-бабы (Әлеуметтік алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады және соттың санкциясымен оның ұялы телефонынан ақпарат алынды, олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болуы немесе болмауы туралы шешім осы сараптамалардың нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
ҚР Өзіндік қауіпсіздік департаменті атап өткендей, аумақтық ішкі істер органдары әрбір хабарламаны тексереді, алайда, тәжірибе көрсеткендей, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы әлеуметтік желілерде орналастырылған бірқатар мәлімдемелер өз дәлелін таппады. Сонымен қатар, полицияның баспасөз қызметтері дайындаған нақты жағдай туралы ақпаратты жарияланым авторлары әрдайым көрсете бермейді.
Соның салдарынан полицияға қатысты сұрақтар мен жағымсыз пікірлер пайда болады. Ал “БАҚ туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізгі қағидаттары басқалармен қатар – объективтілік және анықтық болып табылады. Ал осы Заңның 21-бабына сәйкес материалдарды жариялау кезінде журналист (автор) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не заңнамада тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөнінде шаралар қолдануға, оны тиісті мемлекеттік органға сұрау салу жіберу арқылы тексеруге міндетті.
Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушыларын полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендер туралы материалдарды жарияламас бұрын, алдымен оларға тиісті құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз. Немесе орналастырылатын материалдардың объективтілігін қамтамасыз ету үшін кейіннен екі тараптың ақпараттарын орналастырумен уәкілетті органдарға өз бетінше сұрау салу қажет. Полиция қызметкерлерінің қызметіне мұқият назар аударғаны және түсінгені үшін жұртшылыққа ризашылығымызды білдіреміз. ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті