Прокурорлар мемлекет қазынасына 72 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарды
Баяндамашы атап өткендей, прокурорлар актілерімен қоғамдық мүдделерді қорғау аясында экономика, мемлекеттік сатып алу, еңбек, балаларды қорғау, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салаларында 14 мыңнан астам заң бұзушылықтар жойылды.
"23 мыңға жуық адам түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның негізгі бөлігі немесе 60%-ы - мемлекеттік қызметшілер", - деді Тимур Тәшімбаев.
Оның айтуынша, "Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын" тексеру барысында сапасыз құрал-жабдықтарды жоғарылатылған бағамен сатып алу фактісі анықталған.
Ақтөбе облысында жылжымалы жедел жәрдем кешені кедендік1 6,6 млн теңге құнынан төрт есе жоғары бағаға - 73 миллион теңгеге сатып алынды.
Аталған фактілер бойынша еліміздің тағы тоғыз облысында осындай ұрлық әрекеттері болып, 15 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Әңгіме Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстары туралы болып отыр.
Сонымен қатар оның сөзінше, "АрселорМитталТеміртау" АҚ, Индустриялық даму қорында, "Қазавтожол" ұлттық компаниясында және автомобиль жолдары комитетіндегі тексеру аяқталып жатыр.
"Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке 72 миллиард теңгеге жуық шығын өтелді және пайдаланылмай жатқан 1,5 миллион гектар жер қайтарылды. Қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін қысқартылды. Тек Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана 1,5 миллион гектарға дейін қысқартылды. 11 мың үлескерге 500 мың гектар жер қайтарылды. Бүгінде қылмыс жасаған 9 адам сотталды. Мысалы, СҚО-да 800-ден астам үлескердің жер теліміне алаяқтық жасаған кәсіпорын басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар соттарға қатысу арқылы мемлекет мүддесіндегі тағы 33 млрд алынды".Тимур Тәшімбаев
9 желтоқсанда прокурорлар 2022 жылы пайдаланылмай жатқан 1,5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарғаны белгілі болды.