Президент Астанада АӨСШК елдерінің волонтерлік қозғалыстарының жиынын өткізу туралы айтты
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, экологиялық өлшемнің маңызы арта түсті. Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр табиғат апаттарына алып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26%-ына дейін жетуі мүмкін. Таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны орасан зор гуманитарлық апатқа ұшыратты. Осындай қиын кезде біз Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенімізді тағы да дәлелдедік. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкінМемлекет басшысы
Президенттің айтуынша, АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет.
Адамдар әрқашан біздің күш-жігеріміздің орталығында болуы керек. Экономикалық шаралар адами өлшемге, еңбек ресурстарын сақтауға және дамытуға бағытталған жағдайда ғана тиімді деп санауға болады. Биыл шілде айында Астанада Жастар кеңесі отырысының сәтті өтуі осы бағыттағы ынтымақтастықтың зор болашағын көрсетеді. Осыған байланысты 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің мұрындық болуымен АӨСШК елдерінің волонтерлік қозғалыстары жетекшілерінің жиынын өткізуді ұсынамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру үлкен перспективалар ашатынын қоса кетті. Бұл желі арқылы IT, нанотехнология және жаңартылатын энергия көздері саласындағы әзірлемелермен алмасуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript