Жаңалықтар тізбегі
0

Президент әкімдікке жылда кемінде 3 дене шынықтыру кешенін салуды тапсырды

спорт нысаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 10:45 Сурет: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртымен кездесуде қаладағы денсаулық сақтау саласының жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаевтың айтуынша, мұндағы негізгі міндет – инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру.

Алматыда емханалар мен ауруханалар әбден ескірген. Тұрғын үйлер салған кезде әлеуметтік нысандар дұрыс жоспарланбайды. Ал, бұл алдымен тұрғындардың өміріне теріс әсер етеді. Яғни, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімді болуына, жедел жәрдемнің дер кезінде көмекке келуіне кедергі келтіреді. Президент

Тоқаевтың сөзінше, әкімдік жаңа медициналық нысандар салып, жаңғырту үшін арнайы жоспар әзірлеуі керек. Бұл шаралар ана мен бала өлімін азайтып, азаматтардың ауыр дерттен сақтануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жүйесін дамыту қажет. Келесі жылы халықаралық деңгейдегі көпбейінді аурухана құрылысын бастау керек.

Жобаны мемлекет пен бизнестің серіктестігі арқылы жүзеге асырған жөн. Қаланың қарқынды өсіп келе жатқан аудандарында перзентханасы бар ауруханалар салу керек. Халықтың денсаулығын сақтау үшін науқастарды емдеумен қатар, аурудың алдын алу өте маңызды. Осы орайда, қала тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, қазір алматылықтардың үштен бірі ғана дене шынықтырумен айналысады. Оның үстіне шеттегі аудандарда спорт нысандары мүлдем жетіспейді. Осыған орай ол әкімдікке жыл сайын кемінде 3 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырды.

Жалпы дамыған қалаларда саламатты өмір салтының инфрақұрылымы деген ұғым бар. Алматының барлық ауданында осындай инфрақұрылым салынуы керек. Қазір қаладағы спорт нысандары негізінен орталықта орналасқан. Шеттегі аудандарда мүлдем жетіспейді. Сондықтан, әкімдікке жыл сайын кемінде 3 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамынМемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: