Қазақстанда авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл енгізілмек
Әділет министрлігі "Еуразия" бірінші арнасына әндерді, фильмдерді, өлеңдерді немесе фото-суреттерді заңсыз пайдаланғаны үшін адамды, мекемені жазалай алмайтынын, өйткені мұндай бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылық емес екенін түсіндірді. Сонымен қатар елде 2016 жылдан бері әкімшілік жаза қарастырылмаған.
"Мысалы, ұялы телефонды немесе көлікті ұрлау туралы айтсақ, біз бәріміз мұның заң бұзушылық екенін, оның заңсыз екенін, бұл үшін қандай да бір жауапкершілік болуы керек екенін түсінеміз. Ал зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға келгенде кей пайдаланушылар бұл үшін де жауапкершілік болуы мүмкін екенін түсінбейді", - деп түсіндірді ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Шолпан Әбдіреева.
Жоғарыда айтылғандай, ұсынылған жаңалықтар караокелер жабылады дегенді білдірмейді.
"Меншік иелері ұжымдық авторлық құқықты басқаратын ұйымдармен келісім жасай алады. Бұл мекемедегі орын санына байланысты айына 2-3 АЕК (7-10 мың теңге) аралығында болады", - делінген телеарна сюжетінде.
Бөтеннің зияткерлік меншігін пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері әлі белгісіз. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінде авторлық құқықты бұзғаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Биыл осындай жеті жағдай ғана тіркелсе, оның екеуі плагиатқа қатысты.
Әділет министрлігі заң жобасын парламенттің қарауына 2024 жылдың көктемінде енгізуді жоспарлап отыр.
2023 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Қазақстан авторлық құқық және зияткерлік меншік саласындағы плагиат үшін жауапкершілікті қатайтатынын айтты.