Метро вагондары мен пойыздардың санитарлық жағдайы: жаңа талаптар белгіленді
Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған жағдайда көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Метрополитеннің жолаушылар вагондарындағы электрлі жылыту және электрлі жарықтандыру құралдары ластануына қарай шаң мен ластан тазартылады.
Метрополитеннің жолаушылар вагонының вагон қабырғасынан 0,7 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, диван бетінен 0,5 м биіктікте – кемінде 150 лк (қыздыру шамдарымен жарықтандыру кезінде – кемінде 75 лк) жарықтандырудың рұқсат етілген деңгейі қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы құрамның желіге шығуы алдындағы санитариялық жай-күйін жылжымалы құрамның санитариялық жай-күйіне арналған еркін түрдегі журналда жүргізілген тазалау туралы белгі қоя отырып, жылжымалы құрамның жуушы-жинаушыларының бригадирі, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілген учаскенің шебері (бригадирі) тексереді.
Метрополитен вагондарының салондарындағы микроклиматтың рұқсат етілетін параметрлері (табиғи желдету кезінде):
- жылдың жылы кезеңінде ауа температурасының қоршаған ауаның температурасынан 3°C-тан артық емес, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен ауа қозғалысының жылдамдығы нормаланбайды;
- жылдың салқын кезеңінде ауа температурасы -16°C (+- 2°C), биіктігі бойынша температура айырмашылығы – 5°C-тан артық емес, ауа температурасы мен қоршау айырмашылығы – 5°C-тан артық емес, еден температурасы – кемінде 5°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 30-дан 70%-ға дейін, ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,4 м/сек-тан артық емес.
Жолаушылар вагондарының купесіндегі шудың деңгейі 65 децибелден (бұдан әрі – дБа), тамбурларда – 68 дБа, вагонаралық өту жолдарында – 80 дБа, МВҚК салонында – 75 дБа-дан жоғары болмауына, метрополитен вагонында туннельдерде қозғалыс кезінде – 70 дБа-дан артық болмауына жол беріледі.
Метрополитеннің жолаушылар вагоны:
- поездың радиобайланысы мен хабарландыруының жұмыс істеуін;
- есіктердің жабылуын бақылау сигналын;
- басқару, бақылау, қауіпсіздік жүйелерінің қозғалысы мен жұмыс параметрлерін тіркеуді;
- метрополитеннің жолаушылар вагондарын мәжбүрлі авариялық желдетуді;
- есіктердің жабыла бастауы туралы ескертетін жарық және дыбыс сигналын;
- басқару кабинасында және жолаушылар салондарында микроклиматты ұстап тұруды қамтамасыз ететін жүйелермен және құрылғылармен жабдықталады.
Жолаушыларды тасымалдау кезінде салқын кезеңде салондағы (кабинадағы) ауа температурасы салыстырмалы ылғалдылық 70-75% болған кезде +14ºС-тан төмен емес, жазда +22 ºС-та (+2) ұсталады.
Сыртқы ауаның ылғалдылығы жоғары аудандар үшін және ауа салқындатқыштарды қолданған кезде автобус салонындағы салыстырмалы ылғалдылықты 10%-ға арттыруға жол беріледі. Мәжбүрлі желдету және ауаны баптау қондырғылары бар салондарда желдету жүйесі автобустағы ауа температурасына байланысты автоматты режимде үздіксіз жұмыс істейді.
Өз кезегінде "көлік құралдары мен жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына енгізілген түзетулерде көлік объектілерінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін суық және ыстық су пайдаланылатыны айтылған.
Метрополитендердің желілік пункттері люминесцентті жарықтандырумен жабдықталады.
Туннельдегі жолға күрделі және ағымдық жөндеу жүргізу кезінде шектеулі учаскеде кемінде 50 лк қосымша жергілікті жарықтандыруды қолдану көзделеді.
Туннельдерде, құрылғылар мен механизмдер орналасқан жерлерде қосымша (кемінде 50 лк) жергілікті жарықтандыру қолданылады.
Негізгі жұмыс орындарында жасанды жарықтандыру көзбен көру жұмыстарының сипатына байланысты:
- дәлдігі аз жұмыс үшін (слесарь-жөндеушілер, слесарь-сантехниктер, аккумуляторшылар, ұсталар) – 100-ден 200 лк-ге дейін;
- дәлдігі орташа жұмыс үшін (ағаш ұстасы-жонушылар, ағаш ұсталары, фрезеровщиктер, бақылау-өлшеу құрылғыларының слесарьлары, радиомеханиктер) – 150-ден 300 лк-ге дейін құрайды.
Сондай-ақ, жолаушыларды күту залдары жолаушыларға қызмет көрсету бөлмелерімен, вокзал маңындағы алаңмен, метро станциясымен және перронмен байланысатын жер үсті қабаттарында және жер асты қабаттарында (метрополитенде) орналасады делінген.
Темір жол вокзалының, метрополитен станциясының перрондарына, платформаларына күн сайын және толған сайын қоқыстан тазартылатын урналар орнатылады.
Бұйрық 2024 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.