"Назарбаев Зияткерлік мектептері" өзінің оқу тәжірибесін қарапайым мектептерге таратады

Атап айтқанда, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының ("НЗМ" ДБҰ) өз тәжірибесін еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне таратуды жалғастыруда.
"НЗМ" ДБҰ тәжірибесін тарату Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен ("Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА) бірлесіп барлық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, білім алушыларды бағалау әдіснамасын әзірлеу, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу және еліміздің 14 облысынан және республикалық маңызы бар 2 қаласынан мектептерді әдістемелік сүйемелдеу арқылы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі іс-шаралар кешенінен басталды.
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру тәжірибесі табысты педагогикалық тәжірибелерді таратумен айналысатын 2000 жетекші мектептердің желісі арқылы енгізілді.
"НЗМ" ДБҰ-ның жетекші мектептерді қолдау қызметі тірек ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру және дамыту жөніндегі жобаның негізіне алынды. Жобалар педагогтардың кәсіби дамуына және мектептердің білім беру ортасын трансформациялауға бағытталған.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде мелекеттік орта білім беру ұйымдары үшін басқарушы кадрлардың кадр резервін қалыптастырудың бірыңғай республикалық жүйесі жоқ
"Білім беру ұйымдарының болашақ басшыларын мақсатты даярлау білім беру ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыруды және білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін оларда қажетті басқару дағдыларын, стратегиялық пайымдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді",- делінген құжатта.
Осыған байланысты 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "НЗМ" ДБҰ бірлесіп жаңа форматтағы басшыларды іріктеуге және даярлауға бағытталған "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасын іске асыруда.
Бұл жоба жалғасатырылады және жаңа форматтағы менеджерлерді, білім берудегі көшбасшыларды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, қаржыландыру көздерін кеңейту іске асырылатын болады және ТжКБ ұйымдары қызметінің негізгі көрсеткіштері негізінде ынталандырушы төлемдерді көздейтін жан басына шаққандағы қаржыландырудың сараланған моделі енгізілетін болады.
Бұдан бөлек, "WorldSkills International, WorldSkills Europe-мен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
"Жұмысшы мамандар жылы шеңберінде Worldskills Kazakhstan Ұлттық құзыреттер орталығын құру құзыреттерді дамытуға және кадрлар даярлауға ортақ тәсілдерді қамтамасыз етеді",- делінген ақпаратта.
Осыған байланысты уәкілетті орган WorldSkills Kazakhstan қозғалысының ұлттық операторын айқындайды, ол халықаралық чемпионаттарда, қауымдастықтарда, WorldSkills ұйымдарында ұлттық құраманың атынан қатысады және ел ішіндегі қозғалысты дамыту мен үйлестіруге жауапты болады.
Сонымен қатар, Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары студенттердің бірқалыпты ауысуын және академиялық кредиттерді тануды қамтамасыз ету үшін жоғары білім беру бағдарламаларымен үндестірілетін болады.
Құжат 12 наурызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.