Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру қағидалары бекітілді

Казахский язык, государственный язык РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 14:08 Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрықпен Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық сөздік қорын қалыптастырудың мақсаты – қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, қазақ тілін қолданудың барлық салаларын қамтитын ресурстарды жинақтау, тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру.

Ұлттық сөздік қорын қалыптастыру пайдаланушыларға функционалдық және ақпараттық сервистерге қол жеткізу жүйесін ұсынуды көздейді.

Ұлттық сөздік қоры академиялық және аударма сөздіктері, қазақ тілінің ұлттық корпусы, терминологиялық база және әртүрлі форматтағы деректердің жиынтығы болып табылатын датасет негізінде қалыптастырылады.

Ұлттық сөздік қорын қалыптастырудың негізгі міндеттері:

  • пайдаланушыларға сөздер туралы кешенді ақпарат алуға мүмкіндік беретін сөздіктер жиынтығын қалыптастыру;
  • қазақ әдеби тілінің нормасы туралы ақпаратты орналастыруды, жаңартуды және таратуды қамтамасыз ету;
  • пайдаланушыларға әртүрлі типтегі верификацияланған сөздіктердің электрондық нұсқаларын пайдалануға мүмкіндік беру;
  • пайдаланушыларға қазақ әдеби тілі нормасының даму динамикасы туралы ақпарат беру.

Ұлттық сөздік қорын қалыптастыру мыналарды қамтиды:

  • Ұлттық сөздік қорын құру және дамыту мәселелері бойынша кезең-кезеңмен іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • ұлттық сөздік қорына қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды, деректерді жинауға, өңдеуге және жүйелеуге арналған ақпараттық жүйенің техникалық қызметтерін көрсету кестесін және техникалық ерекшеліктерін бекіту;
  • интерактивті пайдаланушы интерфейсін, іздеу жүйесін және деректерді экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • ұлттық сөздік қорын құру және жетілдірусаласындағы субъектілердің іс-қимылдарын үйлестіру;
  • ұлттық сөздік қорымен ықпалдасуға қабілетті ақпараттық ресурстардың тізімін қалыптастыру;
  • ашық деректер платформаларын пайдалану және ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Ұлттық сөздік қорын қалыптастыру кезінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға мынадай қағидаттарды басшылыққа алатыны көрсетіледі:

  • ғылыми негізділік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-математика ғылымдары саласындағы барлық лексикалық бірліктердің ғылыми зерттеулері мен нақты деректеріне сүйену қажеттілігі;
  • жүйелілік, бірегей жүйе ретінде толық және одан әрі жетілдіру қажеттілігі;
  • әдеби тіл нормасының сақталуын қамтамасыз ету;
  • дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі, қазақ тілінің лексика нормасына және қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңа сөздер мен терминдерді үйлесімді бейімдеу және енгізу қажеттілігі;
  • тіл ресурстарын пайдаланушылар үшін барлық деректердің қолжетімділігі мен инклюзивтілігі.

Ұлттық сөздік қорын қалыптастыру мыналарды қамтиды:

  • Ұлттық сөздік қорын құру және дамыту мәселелері бойынша кезең-кезеңмен іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • ұлттық сөздік қорына қойылатын функционалдық және техникалық талаптарды, деректерді жинауға, өңдеуге және жүйелеуге арналған ақпараттық жүйенің техникалық қызметтерін көрсету кестесін және техникалық ерекшеліктерін бекіту;
  • интерактивті пайдаланушы интерфейсін, іздеу жүйесін және деректерді экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • ұлттық сөздік қорын құру және жетілдіру саласындағы субъектілердің іс-қимылдарын үйлестіру;
  • ұлттық сөздік қорымен ықпалдасуға қабілетті ақпараттық ресурстардың тізімін қалыптастыру;
  • ашық деректер платформаларын пайдалану және ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
  • Ұлттық сөздік қорын қалыптастыру кезінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға мынадай қағидаттарды басшылыққа алатыны көрсетіледі:
  • ғылыми негізділік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-математика ғылымдары саласындағы барлық лексикалық бірліктердің ғылыми зерттеулері мен нақты деректеріне сүйену қажеттілігі;
  • жүйелілік, бірегей жүйе ретінде толық және одан әрі жетілдіру қажеттілігі;
  • әдеби тіл нормасының сақталуын қамтамасыз ету;
  • дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі, қазақ тілінің лексика нормасына және қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңа сөздер мен терминдерді үйлесімді бейімдеу және енгізу қажеттілігі;
  • тіл ресурстарын пайдаланушылар үшін барлық деректердің қолжетімділігі мен инклюзивтілігі.

Бұйрық 2025 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: