Қазақстанда 100 жұмыс күніне дейін дәрілік заттарды тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 13:16 Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі мен ЦДИАӨМ бұйрығымен 2025 жылғы 30 сәуірден бастап 100 жұмыс күніне дейінгі мерзімде "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жаңа тәсіл өнімдердің нарыққа шығу мерзімін едәуір қысқартып, қайталанатын әкімшілік рәсімдерді жоюға мүмкіндік береді.


"Қазіргі таңда дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізу 210 күнге дейін, баға қалыптастыру – 60 жұмыс күніне дейін, ал кәсіби сараптама – 50 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, ал композиттік мемлекеттік қызметті қолдану арқылы бұл процестер біріктіріліп, параллель түрде 100 жұмыс күнінен аспай өтетін болады",- делінген ақпаратта.

Композиттік мемлекеттік қызмет ерікті әрі баламалы негізде енгізіледі және қолданыстағы сараптама, тіркеу және баға белгілеу механизмдерімен қатар қолданылады, сонымен қатар, бұл қызмет дәрілік заттарды Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізу үшін кәсіби сараптамадан өткізуді де қарастырады.

Сондай-ақ композиттік мемлекеттік қызмет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен тіркеу рәсімін жүргізуді көздеген. Бұл – дәрілік препараттарды алдын ала біліктендіру және АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Жапония сияқты қатаң реттеу жүйесі бар елдердің реттеуші органдары тарапынан тану тәртібі шеңберінде жүзеге асады және 15 жұмыс күнінен аспайды.

Осындай жеделдетілген мерзімдер танылған реттеуші жүйелері бар елдерде өндірілген медициналық бұйымдарға да қолданылатын болады.

Сонымен қатар, композиттік қызметтің шеңберінде өндіруші бағасын тіркеу, көтерме және бөлшек саудада сатылған кездегі үстеме бағаларды автоматты түрде есептеу көзделген, бұл – ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылады.

Пилоттық жоба биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Егер оның тиімділігі расталса, композиттік қызмет көрсетудің тұрақты моделіне көшу және қолданыстағы нормативтік талаптарды жою жоспарлануда. Бұл – дәрілік заттардың нарыққа жылдам шығуын қамтамасыз ететін маңызды қадам болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: