Түркістан облысында полиция есірткіге қатысты 11 қылмыстың жолын кесті

Қарасора, Түркістан облысы, полиция, рейд, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 19:58 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды.  Бүгінгі таңда аталған 11 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 


"Мәселен жедел уәкілдер "Қарасора" іс-шарасы барысында Созақ ауданында құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің ірі плантациясын тапты. Күдікті ретінде Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Олардан 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнәр түптері, тіркелмеген мылтық тәркіленді. Қазіргі таңда осы факт бойынша тергеу жүргізілуде.  Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына және құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған мұндай шаралар әрі қарай жалғасатынын атап өтті", делінген хабарламада.

 Бұған дейін БҚО-да қарасораны заңсыз өсіру фактісі анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: