Жамбыл облысында өгей әкеден қорлық көрген екі баланың ісін министр жеке бақылауына алды

ҚР ІІМ, Жамбыл облысы, Талас ауданы, өгей әке, құлдық, жасөспірімдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 22:16 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Жамбыл облысы Талас ауданында екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық істі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші балаларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды. Ішкі істер министрі бұл істі жеке бақылауына алды", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

ІІМ-де балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, аталған оқиға желіде жарияланған видеодан кейін қоғамдық резонансқа ие болды. Видеода үсті-басынан сау-тамтығы жоқ жасөспірім бала сөйлейді. Ол өзінің өгей әкесімен тұрып жатқанына бес жыл болғанын, содан бері көрген қорлығы осы екенін, мал бағатынын, үнемі соққыға жығылатынын, туған әкесіне барғысы келетінін, ал шешесі өздерін қорғай алмайтынын айтады. Сөз соңында өздеріне сырттан көмек болмаса, бірі өліп тынуы мүмкін екенін де жеткізіп, көптен көмек сұрайды. Видеода бала бұрынғы соққыларынан қалған денесіндегі жараларды көрсетеді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, қазіргі уақытта ағайынды балалар дағдарыс орталығына уақытша орналастырылып, сараптамалар тағайындалған.

6 тамызда полицияға олардың жоғалып кеткені туралы хабарланып, ал 7 тамызда жасөспірімдер Алматыдағы туыстарынан табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: