"Сарыарқа" АЭА-да инвестициялар көлемі 2036 жылға қарай айтарлықтай артады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Үкіметтің 2025 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) Қарағанды облысының аумағында, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекараларының ішінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағына "Сары-Арқа" әуежайы кіреді және ол Қазақстан Республикасының аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. Енгізілген түзетулерге сәйкес, АЭА аумағы 1253,056 гектардан 1271,626 гектарға дейін ұлғайтылды.
АЭА құрамына мыналар кіреді:
- "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы – 898,97 га (бұрын 880,4 га болған);
- 1-субаймақ "Кремний алқабы" – 60,11 га;
- 2-субаймақ "Сары-Арқа" әуежайы – 312,5460 га.
Сонымен қатар, 2036 жылға дейінгі "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының мақсатты индикаторлары жаңартылды:
- жалпы инвестициялар көлемі 677,2 млрд теңгеге жетеді. Бұрынғы редакцияда 2035 жылға қарай 423 млрд теңге, ал 2037 жылға қарай 455 млрд теңге деп көрсетілген болатын;
- шетелдік инвестициялар көлемі өзгеріссіз қалады – 144,5 млрд теңге;
- отандық инвестициялар көлемі 310,5 млрд теңгеден 532,7 млрд теңгеге дейін артады;
- АЭА аумағында тауарлар мен қызметтердің (жұмыстардың) өндірісі көлемі – 1552,2 млрд теңге;
- қатысушылар саны 31-ден 39-ға дейін өседі;
- қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалар саны 75-тен 85-ке дейін көбейеді;
- жұмыс орындарының саны 4500 адамды құрайды;
- өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық үлес 70% болады.
Қаулы 2025 жылғы 18 тамыздан бастап күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript