Павлодар облысында кішкентай қызын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Ұсталды, Павлодар облысы, Тереңкөл, кішкентай қыз, қайғылы оқиға, әкесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 22:56 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы, Тереңкөл ауылының тұрғыны үш жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 21 қыркүйек күні Тереңкөл ауылындағы үйден дене жарақаттарын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. Алайда ол есін жимастан көз жұмды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің әкесі анықталып, ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Pavlodarnews.kz басылымының мәліметінше, үш жасар қыз өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер балаға желке сүйегінің жабық сынығы, сол қасы тұсының жарақаты диагнозын қойып, денесінің кеуде тұсынан көптеген көгеру және сырылу белгілерін анықтап, тіркеген.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: