Тараз әуежайы жабылды

inform.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 18:35 inform.kz 
Жергілікті уақытпен 05:00-де қолайсыз ауа райына байланысты уақытша жабылды.

Ауа райына байланысты Тараз әуежайы жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы жазбада: «Тараз қаласының әуежайы 27 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 05:00-де қолайсыз ауа райына байланысты уақытша жабылды. Қазіргі кезде әуежайда желдің жылдамдығы секундына 25 метрге, екпіні 28-30 м/с-қа дейін жетеді.

Сондай-ақ ұшу-қону жолағына 5 мм мұз қатқан. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ішкі рейстер тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды», - делінген. Жолаушыларға әуе компанияларына телефон соғып, өз рейстерін алдын ала анықтап алу жөнінде кеңес берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: