Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шарты болмауынан заң бұзу жиіледі

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 16:17 www.24.kz
Өткен жылы өңірде еңбек инспекторлары мың жарымдай жұмысшының құқығы қорғалған.

Батыс Қазақстан облысында еңбек заңдылығы бұзылғанын айтып, тиісті орындарға хабарласқан тұрғындардың қатары кеміп келеді. Мәселен, өткен жылы жалақы төленбеуіне байланысты еңбек инспекциясына түскен арыз-шағымдар 23%-ға төмендеген, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Алайда арыз азайғанмен, қордаланған жалақы қарызы азаймай тұр. Күні бүгінге дейін өңір кәсіпорындарының жалпы берешегі 75 миллион теңгені құрайды. Мамандар оның басты себебі «жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек келісім-шартының жасалмауында» деп түсіндіреді.

Әлімжан Жұмағұлов құрылыс жұмыстарымен көптен бері айналысады. Ол бастаған бригада күздің басында ірі көлемдегі тапсырысқа ие болыпты. Жұмысшылар қосалқы мердігерге жалданып, қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жегіледі. Бірақ бірнеше ай жалақы алмаған.

Әлімжан Жұмағұлов, қала тұрғыны: - Бізде жалақы ала алмай жүрген 24 адам бар. Тіпті қалай дауласарымызды да білмейміз. Еңбек келісім-шартын жасау керек еді. Әні-мінемен созып келеді. Екі ай өтті, ақша жоқ. Біреуіміздің несиеміз бар, біреуміз пәтер жалдап тұрамыз.

Мәселенің мәнісіне үңілгенде білгеніміз, қала көшелерін жарықтандыруға қажетті қаржыны шетелдік инвестор компания бөліпті. Олардың тапсырысын бас мердігер ұтып алса, ол қосалқы мердігерді жалдаған. Одан төмендегілері тағы бар. Бұл ұзын-сонар тізбекте кім кінәлі екенін анықтау мүмкін болмады. Себебі бір-біріне сілтейді.

Арай Шегінбаев, қосалқы мердігер компания өкілі: - Бізде бас мердігер бар. Олар тек 30 пайызын төледі. Оны кімге жеткіземіз? Тек жұмысшылар емес, техникаға да ақша беру керек. Ал еңбек келісім-шартын жасамағанымыз рас. Себебі күнделікті ақы төлей алмаймыз. Бұл жерде біздер де зардап шегіп отырмыз. Басты кінә бас мердігерден.

Телеарна тілшілері араласқан соң бұл ретте жұмысшылардың жолы болды. Жаңа жыл қарсаңында олар жанжалмен болса да, жалақыларын алды. Мұндай жағдайға ұрынбау үшін міндетті түрде жұмыс берушімен келісімге қол қою керек,- дейді мамандар. Себебі, бүгінде табысын даулап жүргендердің әрбір үшіншісінде еңбек шарты жоқ.

Азамат Айтуев, БҚО Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы: - Ол бүгінгі таңда өте үлкен жүйелі проблема, үлкен мәселе болып тұр. Себебі заң бұзушылық болған жағдайда жалақы төленбейді. Бізге көмектесу қиын болады, екіншіден зейнетақы қорына тиісті қаржы төленбейді. Жазатайым оқиға болғанда өтемақы бар, сақтандыру төлемдері ол де төленбей қалуы мүмкін.

Өткен жылы өңірде еңбек инспекторлары мың жарымдай жұмысшының құқығы қорғалған. 385 млн теңгедей жалақы борышы өтелген.

Авторлары: Ерденбек Жылқайдарұлы, Руслан Газезов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: