Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев ата-анасының мойнында масыл боп отқан жігіттерді сынап тастады

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 21:51 Sn.kz
Сапарбаев мұндай жігіттерге өз өздерін жұмыспен қамтып отқан мүгедек жандарды мысалға келтірді.

Бүгін халық алдында есеп берген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмысқа тұрғысы келмей, ата-анасының мойнында масыл боп отқан жас жігіттерді сынап тастады, деп хабарлайды Sn.kz.

"Ауылдарға барасың, тепсе темір үзетін жап-жас жігіттер жұмыс жоқ деп отырады. Мен оларға мал бағыңдар, құр қарап отырмаңдар деп айтамын. Жоқ. Бәрі мұнайшы болғысы келеді. Ал, біздің елде мұнайшы мамандығы ары кетсе 100 жыл бұрын ғана пайда болған шығар. Оған дейін де адамдар жұмыс істеп, өмір сүрді ғой", - дейді ашуланған облыс әкімі.

Сапарбаев мұндай жігіттерге өз өздерін жұмыспен қамтып отқан мүгедек жандарды мысалға келтірді.

"Мүгедек жандар жұмыс істеуге, ақша табуға ұмтылып жатқанда сап-сау азаматтардың жұмыс жоқ шағымданғаны ұят. Қазір қартайған ата-анасының зейнетақысына немесе көпбалалы әйелінің жәрдемақысына күн көріп жүрген сап-сау жас жігіттер аз емес. Жұмыс істеймін деген адамның екі қолына бір күрек табылады", - деді Сапарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: