Астана қаласына газ құбырын тарту жобасына ЕҚДБ қарызын жұмылдыру мәселесі пысықталуда
Инвестиция тарту мәселесі бойынша баяндама жасаған министр осы үш ірі кен орнында жалпы инвестициялар көлемі 42,3 млрд долларды құрайтын кеңейту және өндіріс деңгейін ұзарту жобалары жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
2017 жылы геологиялық барлауға инвестицияларды ынталандыру және жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық тәуекелдерін төмендету бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске өзгерістер енгізілді. Кодекс 2018 жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі заңға қарасты 52 НҚА-ні әзірлеп, келісуде.
Газ саласында қазіргі уақытта Астана қаласын, орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салу жобасы үшін ЕҚДБ-дан қарыз қаражатын тарту мәселесі пысықталып жатыр. ТЭН-ге сәйкес жобаның жалпы құны ҚҚС есебімен 267,3 млрд теңге Астана қаласына дейінгі бірінші кезеңді қоса алғанда, ҚҚС есебімен 370 млрд теңгені құрайды.
Мұнай-газ химия өнеркәсібі саласында жылына қуаты 500 мың тоннаны құрайтын полипропилен шығару бойынша жоба белсенді кезеңде, EPC мердігері анықталды (қытай компаниясы - China National Chemical Engineering Company), $2 млрд сомаға қарызды қаржыландыру тартылды, шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл.
Қуаты жылына 1,2 млн тоннаны құрайтын полиэтилен шығару бойынша жобаны Borealis австриялық компаниясы бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытты. 2018 жылы Borealis компаниясымен бірлескен жобалық компанияны құру және ТЭН-нің әзірлеуін аяқтау жоспарлануда.
Министр Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жоғарыда көрсетілген жобалардың іске асырылуы 9 млрд доллар инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді, оның ішінде 8 млрд доллар жеке инвестициялар, құрылыс кезеңінде 10 мыңға дейін және іске қосылған кезеңде 1 200 жұмыс орны құрылады, пайдалануға бергеннен кейін ЖІӨ-ге үлесі 1,5% құрайтын болады.
Энергияның жаңғыртылатын көздері саласында бүгінгі таңда жиынтық қуаты 335,7 МВт құрайтын жұмыс істеп тұрған 55 ЖЭК нысаны бар. 2020 жылдың соңына дейін сомалық қуаты 2 ГВт жалпы инвестициялар көлемі шамамен 1 трлн теңге болатын шамамен 52 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарлануда. ЕҚДБ Қазақстанның ЖЭК саласына жалпы сомасы 480 млн еуроға дейін жеке инвестициялар мен басқа да халықаралық қаржы институттарының инвестицияларын тарту мүмкіндігімен ЖЭК жобаларына 200 млн еуроға дейін инвестиция салуды жоспарлайды.
«“Эни Интернэшнл Б.В. ” және “Дженерал Электрик Интернэшнл Инк”, ЕҚДБ және “Samruk Kazyna-United Green” ЖШС, “Қазақстанның даму банкі” АҚ, “ЦАТЭК Green Energy” ЖШС, “ҚДБ-Лизинг” АҚ ҚДБ еншілес ұйымы, “KAZ GREEN TEK SOLAR” ЖШС сияқты компаниялармен келісімдер аясында ЖЭК жобаларын іске асыру мүмкіндігі пысықталуда», — деп қорытындылады Қанат Бозымбаев.