Сәуле Әбединова: "Әміре" фильмін мақтай алмаймын
"Əміре" фильмі туралы сұрағанда... тіпті, не айтарымды білмеймін... Мақтағым келеді - мақтай алмаймын... Даттағым келмейді... Алайда... "айтпаса сөздің атасы өледі"...Бұл туралы журналист өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Түк көрмеген, алақ-жұлақ еткен "жабайы" қазақ...КГБ-сы бар, басқасы бар, кеңес өкіметі - шет елге шыққанда өзін қалай ұстау керектігін айтпауы, үйретпеуі мүмкін емес... алдын-ала ол ел туралы видео көрсеткенде де "алақ-жұлақ етпей, еңселеріңді тік ұстап жүріңдер" деп айтқан шығар... өйткені 7 сынып оқушыларын ауылдан Алматыға экскурсияға əкелгенде біздің өзімізге ұстаздарымыз "түк көрмегендей ауыздарың ашылып, алақ-жұлақ етпей жүріңдер" деп əбден тапсырып еді...Француз қызына сілекейі шұбырған Əміре... Орыс қызына есі кеткен Мұстафа есіме түсті,- деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
Байқасаңыздар, "Əміре" фильмінің афишаларында француз қызы ірі кадрмен алдыңғы планға шыққан да, Əміре оның тасасында қалған...
Қанша жерден қазақ арыстары өз ұлтының қыздарын менсінбей, өзге ұлттың қыздарын алған десек те, ол қыздарды алдыңғы планға шығарудың түкке керегі жоқ. Өйткені олардың өмірінде олар ешқашан алдыңғы планда болмаған, екінші, үшінші планда болған. Оның үстіне Əміре Францияға барғанда оның отбасы, тіпті бір баласы болған. Ол кісінің жігітшілік жасап, француз қызымен роман құруы да неғайбіл... Өзіміздің жеңіл ойымызды өзгеге (тарихи тұлғаға) таңудың не керегі бар? Тарихи факт болса, дəлел болса, сөзімді қайтып алдым деп есептеңіз.
Жалпы, қазақ кино саласына асфальтта емес, ауылдың топырағында мал бағып, қора тазалап, қидың иісін иіскеп, оттың ысына қақалып өскен балаларды көптеп тарту керек. Қазақ киносындағы "смазливое лицолар" бүкіл бір ұлттың мінезін, болмысын 180 градусқа өзгертіп жіберді...
Айналайындар-ау, көрікті де мінезді, духы көзінен шашырап тұратын фактурный жігіттер жоқ емес қой, көздеріңді ашып қарасаңдаршы! Бүгінгі шу-шу еткен 15-25 жастағы ақылы аз фанаткалар үшін кино түсіргенді қою керек қой.... Сəбременный киноға түсіре беріңдер. Тарихи фильмдерге тарихи фактураларды іздесеңдерші... О замандағы "сегіз қырлы, бір сырлы", "ақылына көркі сай" т.б. критерийлердің қандай адамдарға айтылғанын аз-маз зерттеу керек қой,- деп ойын түйді журналист.