Жаңалықтар тізбегі
0

Велосипедтен құлаған 10 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан қолынан айырылып қала жаздады

bezpereloma.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 20:59 bezpereloma.ru
Қыркүйек айында ата-анасы баласының қолы өзгеріп, білегі арықтай бастағанын көрген.

Ақтөбеде 10 жасар Алдияр Ноғманов велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер оның қолына гипс салып, ота жасаған. Біраз уақыттан кейін баланы ауруханадан шығарып, бәрі дұрыс екенін айтыпты. Алайда 3 ай өткеннен кейін, баланың қолы арықтап, өзгере бастаған. Бұл туралы Диапазон басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ұлымның қолынан гипс пен сымдарды алғаннан кейін, олар қолына бақылау рентгеніне түсірген жоқ. Дәрігерлер А.С. Омаров пен А.Е. Әубакіров бізді үйге жіберіп, тек қолға күтім жасау керек екенін айтты. Біз дәрігерлерге толықтай сеніп, электрофорез, магнитотерапия және массаж ала бастадық. Артынша анықталған, дәл осы емдік процедуралар баламның жағдайын ауырлатып жіберген», – дейді Алдиярдың анасы Әсел Үйрекбаева.

Қыркүйек айында ата-анасы баласының қолы өзгеріп, білегі арықтай бастағанын көрген. Олар бұл жағдайдан қорқып, қайтадан ауруханаға барған. Алайда дәрігер рентгенге түсірудің орнына, баланы аямау керектігін, қолы ауырса да шыдап, ем алу қажет екенін айтыпты. Травматолог дәрігердің сөзіне құлақ асқан ата-ана ұлдарына дәрігердің айтқанын жасау керек екенін түсіндірген.

Мұнан кейін Әсел ұлын жеке меншік клиникаға апарыпты. Онда емделу үшін Алдиярдың ата-анасы 80 мың теңге жұмсаған.

«Қазан айында компьютерлік томография жасаттық. Анықталғандай, қолынан сымдар ерте алынып, ем дұрыс жасалмағандықтан шынтақ буыны сіресіп қалған. Мен Қорғандағы клиникамен хабарласып, оларға томограифияның суреттерін жібердім. Олар ұлыма шұғыл түрде ота жасау керек екенін айтты. Бірнеше күннен кейін мен квота алу үшін Астанаға кеттім. Алайда ондағылар ота жасауға қажеттілік жоқ екенін, белгіленген емді жалғастыру керектігін айтып шығарып салды. Ақтөбедегі дәрігерлер де шағымдана бермей, қолына ем жасау керектігін айтты», – дейді Әсел.

Мұнан кейін Әсел Мәскеудегі балалар клиникасына хабарласқан. Мәскеулік дәрігерлер Алдиярға иық сүйегінің жалған буыны деген диагноз қойыпты. Н.Н. Приоров атындағы ОҒЗИ профессоры баланың қолын аман алып қалу үшін 1 апта қалғанын айтқан. Алайда ота жасату үшін 300 мың рубль (1 миллион 500 мың теңгеден аса) қажет болып шығыпты.

«Мен туыстарым мен жақындарымның көмегімен 2 аптада аталған соманы жинадым. Біз Мәскеуге жол тарттық. Сол күні профессор к.тіп алып, баламды рентгенге түсірді. Анықталғандай оның сүйек тіндері өліп қалған екен. Ендгі тек имплантат көмектесе алатын болып шықты. Мұны естігенде, қорыққанымнан жылап жібердім. Профессор жиналыс өткізіп, сауатты мамандарды шақырып, оларға біздің оқиғамызды айтып берді. Маған ол сүйектің қалпына келетінін айтты. Олар мұның барлығы дәрігерлердің салғырттығынан болғанын растады», – дейді Әсел.

Алдиярдың қолына жасалған ота сәтті өткеннен кейін, ол анасымен бірге үйіне қайтып оралған. Ол енді ғана қолын бүге алатын болған.

«Ұлым үшін жұмыстан шығуыма тура келді. Күйеуім ғана жұмыс істеп жатыр. аАл біздің тағы екі кішкентай баламыз бар. Әкімнің орынбасары 18 мамырда көмектесемін деп уәде еткен. Мен оны әлі де күтудемін. Біздегі тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент тәуелсіз сараптама жасап, дәрігерлердің салғырттығын растады. Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мен әділеттілікке қол жеткізіп, моральдық және материалдық шығын үшін өтемақы алғым келеді», – дейді Әсел Үйрекбаева.

Ал облыстық аурухананың дәрігерлері өз кінәларын мойындамады. Олардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр.

«Ота сәтті өтті. Біз бәрін дұрыс жасадық. Алайда шынтақ буыны тұсындағы сынық сіресіп қалуға әкелуі мүмкін. Бала 6-8 ай көлемінде қолын емдеп, күніне 1500 рет қолын қимылдатуы керек еді. Біз гипс мен сымдарды 2 аптадан кейін алдық. Ол дұрыс. Шынтақ буынын қаншалықты ерте емдеп, жазса, соншалықты жақсы. Олар тек асығыстық танытты. Ресейде отаның қала өткенін білмеймін. Алайда біз бәрін дұрыс жасадық. Жыл басынан бері осындай сынықпен 18 бала түсті. Олардың ешқайсы шағымданған жоқ. Бұл менің тәжірибемдегі алғашқы жағдай болып отыр», – дейді облыстық балалар ауруханасына травматологы Әділбек Омаров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: