Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды дамыту жоспарлануда

---, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2018 15:54 ---
GCIP бағдарламасы «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды қолдауға бағытталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығында UNIDO – Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму ұйымы өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар GCIP (The Global Cleantech Innovation Programme) Жаһандық «таза» және «жасыл» инновациялар бағдарламасына бірлесіп қатысу мүмкіндігін талқылады.

GCIP бағдарламасы «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. (GEF) Жаһандық экологиялық қордың гранттық қаржыландыруын алған GCIP серіктес елдері, өз елдерінде кәсіпкерлер арасында байқау жүргізіп және олардың арасынан ең перспективті жобаларды жетлдіру және коммерцияландыру үшін таңдайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2018 15:54

GCIP Қазақстандық серіктесі ретінде «ТКШ Қазорталығы» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» (ТКШ КазҒТО) анықталды. Қазіргі күні, ТКШ КазҒТО және UNIDO GEF-ке бірлескен өтінімін даярлау және жолдау үшін басты бағыттарды жетілдіруде. Грант алған жағдайда, жобаларды жинау, іріктеу, жетілдіру және коммерциализациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жопарлануда. Әр жоспарланған байқауларда 100 ден 200-ге дейін шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. Жартылай финалға шыққан 25 қытсушылардан қазақстандық және шет елдік сарапшылар 2 финалист таңдап, олар өз бизнесін дамыту және өрлету үшін Силикон алқабына жолданатын болады.

Атапа өте кетсек, 2014 жылдан бері UNIDO/ GEF 9 мемлекеттен (Армения, Үндістан, Малайзия, Пәкістан, Түркия, Африка, Вьетнам, Бразилия, Таиланд) 900 мыңға жуық өтінім ұсынылды, оның ішінде 100 –ден астам өтінім бағдарламада қатысу үшін қабылданды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2018 15:54

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: