Ауыр қылмыстарды анықтау 50%-ға дейін өсті - Экономикалық тергеу қызметі МКК
2014 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылған күн. Комитет құрамында кеден және салық қызметімен қатар мемлекеттін экономикалық мүддесі мен бизнесті қорғауда тұрған Экономикалық тергеу қызметі құқылы маңызды орын алады. Қазіргі уақытта ЭТҚ жұмысы құқық тәртібі мен заңдылығын қамтамасыз ету деңгейін арттыруында, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жолымен, заңдарды қатаң сақтауында болып жатыр. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Қабылданған шаралар және тиісті өзара іс-қимылды ұйымдастыру нәтижесінде қызметтің негізгі басым бағыттары бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді.
Осылай, 2017 жылғы 6 аймен салыстырғанда ауыр қылмыстарды анықтау 2 есеге өсті, 22%-дан 50%-ға дейін (504-тен 1022-ге дейін).
Бір мезгілде залалды өтеу 47,7%-тен 83,3%-ке дейін көтерілді.
Анықталған 58,3 млрд. теңге залалдан 35,3 млрд. теңге өтелді. Соттың санкциясымен 13,4 млрд. теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынды.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен, экономикалық контрабандамен, мұнайды және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаумен, акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін бұзумен айналысатын 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.
Экономиканың әр түрлі секторларындағы маңызды, жүйелі және резонанстық қылмыстарды анықтау кезінде ЭТҚ-і бөлімшелері жұмысының талдамалы құрамдасының рөлі күшейтілді.
Мәселен, Қаржы министрлігінің ("Fusion center") ақпараттық жүйелерін пайдалану кезінде талдамалы жұмыстың оң нәтижелері ерекше аталып өтті.
Есепті кезең ішінде, Қаржы министрлігінің "Fusion center" (бұдан әрі - Орталық) жұмыс тобы ЭТҚ-нің жедел бөлімшелеріне 1031 кәсіпорынға қатысты бюджет қаражатын ұрлау, жалған шот-фактуралардың үзінділері, салықты және кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, экономикалық контрабанда, заңсыз капиталды әкету және т.б. белгілері бар схемаларды және 178 талдамалық материалдарды жолдады.
Аталған материалдарды қарау нәтижелері бойынша СДТБТ-да - 56, оның ішінде 93% ауыр және аса ауыр санаты бойынша (52) тіркелді.
Талдамалы Орталық жасаған материалдар бойынша белгіленген залалдың сомасы 27,5 млрд. теңгені құрады, оның - 276,98 млн. теңгесі өтелді.
Жалған шот-фактураларды жазу, салық төлеуден жалтару, алкоголді өнімдер заңсыз айналымын, ойын бизнесі, жалған ақша жасау фактілерін анықтау бойынша жұмыс тиімділігі жоғарланған.
Ақша айналымынан жалпы соммасы 7,5 млн. теңге көлемінде 1 220 дана жалған ұлттық валютаның купюрасы тәркіленді, сондай-ақ жалпы соммасы 8 млн. теңгені құрайтын 114 шетел валютасының купюрасы тәркіленді.
Жалған ақша белгілерін дайындайтын 2 жасырын цех қызметінің жолы кесілді.
Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналысымен күресте тиімді жедел-іздестіру шаралары арқасында суррогат алкоголь өнімдерін өндіру бойынша 16 жасырын цех қызметінің жолы кесілді.
Заңсыз айналыстан шамамен 12 млн жалған есеп-бақылау маркалары тәркіленді, сондай-ақ 600 дана лента түрінде жалған есеп-бақылау маркасы, 8,5 млн. есепсіз алкоголь өнімдерінің бөтелкесі және 30 мың жоғары литр спирт тәркіленді.
Жедел ақпараттардың және сақ азаматтардың көмегімен 7 астыртын казино, 33 электрондық казино және басқа да 159 терминалдардың жолы кесілді.
ЭТҚ үшін негізгі басым болып азаматтардың, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және сақтау мен елдің экономикалық қауіпсіздігі қалады.