Жаңалықтар тізбегі
0

Найзағай түскен адамның тірі қалуы мүмкін бе?

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 22:42 Baq.kz
«Ең қауіптісі – найзағайдың адам жүрегіне тигені.

Біз найзағайдың астында қалған адамдардың тірі қалып жататын да, өмірімен қоштасатын жағдайларды да жиі естиміз. Дегенмен, қай жағдай жиірек орын алатыны туралы саралап көрсек, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.

Біздің Иосия Вейдман есімді кейіпкерімізге найзағай түскен. Ол өте қорқынышты көрініс еді. Алыстан қарағанда аспаннан алып найзағай түсіп, адамды жұтып қойғандай әсер қалдырды.

«Мен жүріп бара жатқан едім... Одан кейін ауаға биікке қарай секіргенімді, сосын жерге арқамен түскенімді білемін. Есімде қалғаны – бойымнан жылу өткендей болды», дейді Джозия Уйдман есімді кейіпкеріміз.

Осы айда оған найзағай түскен соң Аризона штатында да 13 жастағы бала ауруханадан шықты. Ол да найзағайдың астында қалып, тірі қалған және өзінің таңғажайып еміне көңілі тоқ, таңғалып жүргені де рас. Ал оның анасы Криста Уйдман болса: «Менің ұлым сол жерде-ақ өліп кетуі мүмкін еді», дейді.

Дегенмен, ғалымдардың зерттеулеріне зер салып қарайтын болсақ, Америкада найзағай түскен он адамның тоғызы тірі қалады екен. Жер бетіндегі ауаны Күн температурасынан бес есе артық жылыта алатын өте қуатты электр, яғни, найзағай тисе де, адамдар қалай тірі қалады? Бұл сұраққа жауап алу үшін халықаралық медицина маманы Мэри Энн Купер мен Ауа райының ұлттық қызметінде найзағай қауіпсіздігі маманы болып істейтін Джон Йенсениусқа хабарластық. Сонымен, олар не дейді?

«Найзағайдың тікелей тиюі сирек жағдай»

«Адамдар найзағай түскен адам туралы ойлағанда жарқылды оның басына тиіп, бүкіл денесінен өтеді деп елестетеді. Бірақ найзағай көп жағдайда тура немесе тікелей тимейді. Тисе де, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Көп жағдайда өлім жер сілкінісі кезінде болуы мүмкін. Ал найзағай алысқа тиіп, ол жер арқылы басқа бағыттарға тарайды. Егер сіз найзағай түскен жерге тым жақын орналасқан болсаңыз, электр зарядын алуыңыз әбден мүмкін», дейді Купер.

Оның айтуынша, найзағайдың жерге түсуінің тағы бір әдісі – қапталдан тарау. Бұл жағдайда найзағай биік объектілерге тиеді. Мысалы, ағашқа немесе бағандарға.

Бұл екі жағдайда да найзағай тікелей түспейді. Яғни, екі жағдайда да өлім жағдайы болмайды, себебі энергия адамға жеткенше әлсіреп үлгереді. Купердің айтуынша, найзағай басқа электр токтрының түріне ұқсамайды және оның физикасы мүлдем басқаша болады. Яғни, найзағай адам денесіне күнделікті өмірдегі электр тогы тигеннен гөрі мүлдем басқаша әсер етеді. «Найзағай тиген кезде ток адамның терісі арқылы өтеді. Мысалы, адам денесін шелекке теңейтін болсақ, найзағай түскенде шелекке өрт сөндіру шлангасы түскендай болады. Яғни, аздаған су ғана шелекте қалып, көп су сыртқа ағып кетеді», дейді Купер. Оның айтуынша,найзағай тигенде денеден өтетін жылудан күйік пайда болуы мүмкін. Бірақ оның өзі бірнеше микросекунд ішінде болатындықтан, қатты күйік шалу да сирек кездеседі.

«Найзағай жүрекке тиюі мүмкін»

«Ең қауіптісі – найзағайдың адам жүрегіне тигені. Бұл жағдайда жүрекке түскен соққы оның тоқтауына алып келеді. Егер найзағай жүрекке тиген болса, адамды тек CRV аппаратымен ғана құтқаруға болады. Бірақ ол үнемі қол астында бола бермейді», дейді Йенсениус.

Тірі қалу – күрестің жартысы ғана

«Найзағай түскеннен кейін тірі қалғандардың көпшілігінде олардың өмірін мәңгіге өзгертетін жарақаттар қалады», дейді Йенсениус.

Оның айтуынша, найзағай тигеннен денсаулықта бұлшық ет ауруы, бас ауруы, құсу немесе жүрек айну, қимыл-қозғалыс проблемалары секілді ұзақмерзімді проблемалар пайда болады.

«Адамның жүйке талшықтары денеден өте көп көлемдегі электр тогының өтуіне дайын емес. Сол себепті найзағай тиген адамдардың көбінің қимыл-қозғалысында проблемалар пайда болады. Кейбіреулері жадын жоғалтып, ұмытшақтық ауруына шалдығуы мүмкін. Көбіне көңіл-күйде де өзгерістер болып, адамдар депрессия пайда болып жатады. Яғни, найзағай тиіп, тірі қалған адам бәрібір бұрынғы қалпында қалмайды», дейді Йенсениус.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: