Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Мәскеудегі ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясында сөз сөйледі

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2018 21:57 www.zakon.kz
Мәжіліс Төрағасы тиімді ынтымақтастықтың маңызды факторы деп заңнамалық базамен қамтамасыз етуді атады.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәскеудегі ҰҚШҰ ПА отырыстарына қатысты деп хабарлайды zakon.kz.

Н.Нығматулин ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысында әріптестерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитінде белгілеп берген бағыттарға баса назар аударды. Соның ішінде, әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастыққа ҰҚШҰ-ның лаңкестікке қарсы жаһандық іс-қимыл халықаралық жүйесін қалыптастыру үрдісіне белсене қатысуына көңіл бөлді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, 28 мамырда ҰҚШҰ Хатшылығы, ТМД лаңкестікке қарсы орталығы және ШЫҰ лаңкестіккке қарсы аймақтық құрылымы арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандум халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадамдардың бірі болды.

Осы бағыттағы жұмыс жүйелі жалғасын табуда.

Н.Нығматулин атап өткендей, биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» мінез-құлық кодексі лаңкестіккпен пен ғаламдық күрес ісінде серпінді қадам болды.

Тағы бір маңызды бағыт - киберқауіпсіздікке қарсы әрекет ету.

Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы тиімді ынтымақтастықтың маңызды факторы деп заңнамалық базамен қамтамасыз етуді атады.

Осы ретте Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта Мәжілістің қарауында жатқан және жақын арада қаралуы жоспарланған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын атап өтті.

Есірткі айналымына қарсы күрес те маңызды салалардың бірі болып табылады.

Ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде бірлескен іс-қимылдың маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің парламентаралық ынтымақтастығының рөлі артып отырғандығына көңіл бөлді.

Сондай-ақ, осы күні өткен пленарлық отырыста ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар мен моделдік заңдар, лаңкестік мен экстремизмге қарсы ақпараттық іс-қимыл және басқа да маңызды мәселелерді талқылау енгізілді. Бұлардың барлығы ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін біздің елдеріміздің ұлттық заңнамаларын үйлестіруге бағытталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: