Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда өңірінде обыр дертіне шалдыққандар көбейіп барады

cosmopolitan.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2018 16:29 cosmopolitan.ru
Қазір дәрігерлер ауруды ерте сатыда анықтауға баса назар аударуда.

Әсіресе, сүт безі, жатыр мойны, асқазан-өңеш және өкпе қатерлі ісігі жиі кездеседі. Облыстық онкологиялық орталықта жыл басынан бері 2300 адам емделсе, 300-ге жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz, kaztrk.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Қала тұрғыны Бибісара Бекмағамбетова 2010 жылдан бері қатерлі кеселмен күресіп келеді. Қатерлі ісік өкпеде, қазір науқас облыстық онкологиялық орталықтың паллиативті бөлімшесінде ем алып жатыр.

Бибісара Бекмағамбетова, емделуші: - 42 сәуле, 22 химиясын алдым. Дәрісінің бәрін толық алып жатырмын. Дәрінің бәрі бар. Ешқайда барған жоқпын.

Паллиативтік бөлімше алғашқыда 15 орынға лайықталды. Науқастардың көбеюіне байланысты тағы 15 орын қосылып, қазір мұнда 30 адамның ем алуына мүмкіндік бар.

Дана Әбдіқадырова, паллиативтік бөлімшенің дәрігер-терапевті: - Бөлімшеде адам өте көп болады. Орын болмай қалады. 10 күн, 15 күн жатасың деп айта алмаймыз. Емделушінің жату күні белгісіз.

Мамандардың айтуынша, көп жағдайда адамдар дәрігерге ауруы әбден асқынғанда келеді. Қазір облыс бойынша 4700 адам диспансерлік есепке алынған. Оның ішінде 800-ден астамы биыл бірінші рет анықталып отыр.

Сәкен Серғазиев, облыстық Онкологиялық орталықтың директоры: - «Онкологиялық науқас» деген бір күнде қойылатын диагноз емес. УЗИ әдістерімен, компьютерлік томографиямен қойылғанымен, біз дәлелдеуіміз керек, кистологиялық зерттеу өткіземіз. Оның бәрі уақыт алатын диагностикалық тәсілдер, сондықтан, осыдан наразылық тууы мүмкін. Көп адамдар бірден диагноз қойылмады деп ойлайды.

Қазір дәрігерлер ауруды ерте сатыда анықтауға баса назар аударуда. Қауіпті дерт неғұрлым ерте белгілі болса, соғұрлым оны емдеп-жазуға үміт мол. Бұл орайда мамандардың біліктілігін арттыру, қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізу мәселелері жергілікті бюджет есебінен шешімін тапқан. Ал, келер жылы жаңа орталықтың құрылысы басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: