Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар көліктерге айыппұл жаза бастады

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2018 17:33 bnews.kz
Алматыда тәулігіне 1 200-ден астам жол ережесі бұзылады. Бұл тек орташа жылдамдықты асырғандар ғана.

1 желтоқсаннан бері Алматыда көліктің орташа жылдамдығын есептейтін құрылғылар айыппұл жаза бастады. Ал тестілік режимнен өткен «Сергек» камералары тиімділігін көрсетті ме? Жол ережесін жиі бұзатындармен күрес қалай жүргізіліп жатыр? Бұл туралы zakon.kz, Алматы телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының алты жерінде орташа жылдамдықты есептейтін камералардың орнатылғанына бүгін тура 6 күн болды. 1 желтоқсаннан бастап жылдамдық асырғандар тіркеліп жатыр. Көлік тізгіндеушілерден орташа жылдамдықты санайтын аталмыш аппараттар туралы сұраған болатынбыз. БАлайда, ол камералар туралы жүргізушілердің бірі білсе, енді бірі «үйге айыппұл келгенде» бір-ақ білетін болып шықты. Дегенмен, қалада жылдамдықты азайтқандар аз екен.

Жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл түптің түбінде келеді. Сондықтан Полиция департаменті мамандары ережемен жүруге кеңес береді. Қазір қондырғылар қаланың ең жол көлік апаты жиі орын алатын 6 жеріне орнатылған. Бір күннің өзінде 1 200 заң бұзушылық тіркеледі. Айыппұл сомасы 8 миллионға жуық. Жүргізушілер көбінесе Шығыс айналма жолында жылдамдықты асырып айдайды. Одан кейін Жансүгіров көшесі, үшінші орында әл-Фараби даңғылы екен. Ал орташа жылдамдықты есептейтін құрылғы болашақта қаланың барлық көшелеріне орнатылмақ.

«Әзірге ақпарат жинап, сараптама жасап жатырмыз. Камералар өз тиімділігін көрсетіп үлгерді. Жақын арада айыппұлдар жол ережесін бұзған жүргізушілердің мекенжайына жолданады. Қондырғылар алдағы уақытта қаланың барлық жеріне орнатылмақ», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ольга АГАФОНОВА.

Орташа жылдамдық өзіндік формула бойынша есептеледі. Мәселен, қондырғы орнатылған 1-ші бекет пен 2-ші бекет арасын жүргізуші 2 минут 14 секундта жүріп өтуі тиіс делік. Алайда, тізгінші келесі бекетке белгіленген уақыттан бұрын жетсе, онда жылдамдық асырды деген сөз. Формулаға салғанда көліктің 2 бекет арасындағы орташа жылдамдығы анықталады. Полиция департаменті мамандары аталған құрылғылар орнатылған жерлерден ғана жай өтіп, басқа көшелерде жүйткуге болмайтынын ескертті. Себебі, қалада «Сергек» камералары да жұмыс істеп тұр.

«Бүгінде «Сергек» кешендері Абай және әл-Фараби даңғылдарында, «Алматы-2» теміржол вокзалының маңында жұмыс істеп тұр. Көбіне арнайы жолақтың және БРТ жеілісінің бойына орнаттық. Сонымен қатар, тұңғыш президент саябағына да орнату көзделген. Аталған аумақтарда жүргіншілер көп жүреді және көлік саны да кешкі уақытта артады. Қазір камералар тиімділігін көрсетіп жатыр», – деді «Сергек» камераларын құрастырушы Әсет АХМЕТОВ.

«Сергек» камералары қазір бағдаршамның қызыл түсіне өткендер мен stop-сызығын басқандарды да тіркеуде. Сонымен қатар, автобус жолағына шыққан көліктер де назардан тыс қалмайды. Смарт құрылғыны құрастырушылардың сөзінше, аталған заңбұзушылықтар адам өміріне ең қауіптілері.

«Қазір Алматы бойынша толық ақпарат айту қиын. Өйткені, «Сергек» камералары барлық жерге орнатылмаған. Сондықтан жүргізушілер қондырғына көре сала, жылдамдықты азайтып, ол жоқ жерде қайтадан жылдамдықты асыруы мүмкін. Егер статистикаға қарайтын болса, «Сергек» кешендері бар жерлерде заңбұзушылық азайған. Айта кететін тағы бір жайт, «Сергек» камералары күндіз де, түнде де жоғары сапада түсіреді», – деді Әсет АХМЕТОВ.

2019 жылдан бастап қоғамдық көліктерде де бейнебақылау камералары пайда болады. Олар ақпаратты бірден Полиция департаментіне жіберіп отырады. Яғни, арнайы жолаққа шыққан жеке көліктер бірден анықталып, айыппұл жазылады. Айта кетсек, камералар Қазақстанда жасалған. Мұндай смарт шешім полиция мамандарының да жұмысын оңтайландырады дейді бастамашылар.

«Жыл соңына дейін 50 камера автобустарға орнатылады. Олар арнайы жолаққа шыққан көліктің нөмірін түсіріп, рұқсат етілмеген жерге тұрақтаған темір тұлпарды тіркейді. Яғни, эвакуатор келіп машинаны алып кетпейді. Бірден айыппұл жазыла береді. Мұндай жүйе жыл соңына дейін автобустарға орнатылып, іске қосылатын болады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан ӘУКЕНОВ.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін Астанада өткен брифингте қаладағы 3 көшеде жылдамдық сағатына 60 шақырымға азайтылатынын айтты. Олар әл-Фараби, Саин және Шығыс айналма жолы. Себебі, аталған көшелерде жол-көлік апаты жиі орын алады. Сондықтан осындай шешімге келдік деді мегаполис басшысы. Осыған орай, Алматыда видео және фотофиксациялардың саны артады.

«Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе қаладағы видео және фотофиксациялардың санын көбейту жобасы әзірленіп жатыр. Аталған қондырғылар қазір 110 бекетте жұмыс істеп тұрған болса, тағы 142-сін орнатамыз. Бүгінде жобалық сметалық құжаттары дайындалуда», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ольга АГАФОНОВА.

Алматыдағы барлық бейнебақылау камераларына түсірілген заңбұзушылықтар осы орталыққа келіп түседі. Содан кейін жол ережесін бұзған автокөліктің суреті, заңның қай тармағын бұзғаны туралы ақпарат жазылады да, автокөлік иесінің мекенжайына жолданады. Айтпақшы, алдағы жылы жоғарыда айтылған жұмыстар электронды түрде СМС арқылы телефонға келеді екен.

2019 жылдан бастап жеке сәйкестендіру нөмірі мен телефонның IMEI-кодын тіркеу керек болады. Сол арқылы айыппұл смартфонға келеді. Егер телефоныңызды тіркемесеңіз, тілдесе алмайсыз және осы қызмет түрін ала алмай қалуыңыз мүмкін.

Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: