Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа өте ауыр – facebook-тегі сарапшы

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2019 16:09 zakon.kz
Тоқаев өзінің сана-сезімі, дүниетанымы бойынша биязы, интеллигент адам.

Тарихи қыспақ. Кеше ресми түрде қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі өте күрделі кезеңде басталды. Ол кісі жан-жақтан "қыспақта" десек, дөп түсеміз, деп жазады facebook желісінде Ерлан Сайыров есімді азамат.

Сайыровтың пайымынша, Тоқаев өзінің сана-сезімі, дүниетанымы бойынша биязы, интеллигент адам. Компромисс пен бейбітшілікті қалайтын тұлға. Бірінші шешімдерінен-ақ тарихи компромисс іздейтіндігін көрсетті.

– Ең бірінші жарлығы – Қоғамдық сенім ұлттық комиссиясын құру жөнінде болды. Бұл дұрыс қадам. Дегенмен, осы шақта қоғам үшін осынау "адым жасау жеткілікті ме" деген сұрақ туады. Бәрібір, Қ.Тоқаевтың диалогқа отыруға еркі бар екені анық. Бас прокурорды шақырып, митингке қатысқан азаматтардың біразын босатуға тапсырма берді. Бұл жерде де екіұдайлық бар тәрізді. Неге баршасын емес деген сұрақ туады. Өйткені, бейбіт митингке шығу – азаматтардың Конституциялық хұқы, – дейді жазба авторы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси өмірінде Елбасының көлеңкесі де тым айқын тұр. Сол көлеңке ол кісінің өзі ойлаған либерализация, демократия стандарттарына баруға күш-жігер бере ала ма, деген сұрақ қояды ол.

– Менің ойымша, Тоқаев саяси жолайрықта тұр. Өте ауыр жағдай, мұңды сәт. Бірақ, саясатта саяси, терең шешім қабылдамасаң – тарихи фортунадан айырылып қаласың. Уақыт жылдам, зымырап өтіп барады. Әрбір секунд он жылға татиды. Қалай пайдаланады? Енді Тоқаев ешкімге, өткен Президентке де жалтақтамай, бүкіл өкілеттілікті өз қолына алып, шапшаң реформа жасауы керек. Онсыз өзінің жағдайы мүшкіл болады. Реформа жасаса – халық оны қолдап кетеді. Екіұдайылық, екі картина тұйыққа тірейді. Бір жағынан Мемкомиссия, екінші жағынан көшедегі полицейлер, бір жағынан адамдарды ұстау, екінші жағынан Бас прокурорға тапсырма беру. Екі Президент алақандай мемлекетте болуы мүмкін емес. Біреуі, сый-сияпатпен (уақытында шешім қабылдаса), демалысқа нақты кетуі керек. Бұл заңдылық.

Қ.Тоқаевқа өте ауыр. Адами, азаматтық, психологиялық тұрғыда. Дегенмен, ол Президент, ел тағдыры сол кісінің қолында, сондықтан, шешім қабылдауы керек. Басқа жол жоқ. Екіұдайылық тарих қыспағы арқылы тұйыққа тірейді. Баршамызды, – деп түйіндейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: