Жаңалықтар тізбегі
0

Халық соттарға сенуден қалған. Неге

atameken.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2019 22:25 atameken.kz
Соттардың әділ шешім шығарғанына қатысты мысалдар ақырындап көбейе бастады.

2019 жылы Алматы қалалық сотына 50 жыл толады. Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов сот пен болашақтағы жоспарлар туралы Zakon.kz тілшісіне сұхбат берді.

– Қазақстанда қашан қарасақ сот жүйесін жетілдірумен келеміз. Алайда халық соттарға сенуден қалған неге?

– Ең алдымен, соттан қорықпау керек. Қарапайым адам болсын, мемлекеттік орган болсын – біз баршаның құқығы қорғалуы үшін қолдан келгенімізді жасап отырмыз. Соттың бүйрегі бір тарапқа қарай бұрып тұрмауы керек. Меніңше, соңғы жылдары Алматының соттары бұл мәселеде көп ілгеріледі.

– Мемлекеттік мекемелер мен ірі компаниялармен соттасудан түк шықпайтынын бәрі біледі ғой қазір.

– Солай қалыптасып кеткен пікірлер қоғамда бар, шыны керек. Бірақ жаңа айтқанымдай, халық соттарға сенуі үшін жұмыс жасап отырмыз. Соттардың әділдік жолында қарапайым адамдар пайдасына үкім шығарғанына қатысты мысалдар көбейе бастады. Мысалы, өткенде ауыр қылмыспен айыпталған біз азаматты мемлекеттік айыптаушы жеті жылға соттауды сұрады. Бірақ судья барлық материалдарды ескеріп, тергеу тарапынан дәлелдер жеткіліксіз деп азаматты ақтап шықты. Сосын кеше ғана шағын жекеменшік кәсіпорыннан салық төлемеді, айыппұлы, өсімпұлы бар деп заңсыз жолмен ақша өндірмек болды. Бұл жерде де сот кәсіпорынды жақтап шықты, өйткені заң соның жағында еді. Осындай, соттар қарапайым азаматтар мен шағын кәсіпорындарға араша түсетін істер өте көп.

– Қазір судьялардың жүктемесін азайту бағытында біраз жұмыстар атқарылуда. Кей істерді сотқа дейін жеткізбей-ақ қоюға болады ғой?

– Алматыда қазір сотқа дейін және сот үстінде татуластыру жобасы енгізілген. Отбасылық, некелік санаттағы барлық істер татуластыру судьясына жіберіледі. Ондай судьялардың мақсаты – тараптарды ортақ ымыраға келтіру. Бұл жоба жақсы нәтижелерге жеткізіп отыр. Пилоттық жоба басталғалы Алматыда қаралған істер саны айтарлықтай азайды.

– Алматыда үш мың доллар пара алды деген күдікке ілінген судья туралы не айта аласыз?

– Оның іс-әрекеттеріне біздің көзіміз өткен жылы-ақ түскен болатын Ол іс қарауда өрескел заң бұзушылықтарға жол берген. Біз оның ісін Жоғарғы сотқа жөнелтіп жібердік. Оны орнынан алу керек деген талап қойдық. Бірақ Жоғарғы сот оған ескерту жасаумен шектелді. Сосын біз құқық қорғау органдарымен бірлесе оның іс-әрекетін жіті бақылауға алдық. Сотта заң бұзушылықтарға ешқандай жол берілмейді деген қағидатты қатаң ұстанамыз.

– Сот жүйесі ашық болуы керек. Алматы қалалық сотында бұл қағида қалай сақталуда?

– Алматыдағы 153 сот залының бәрінде бейнебақылау мен бейнеконференция жүйелері орнатылған. 2019 жылдың 5 айында сот отырыстарының 97% осындай жүйелерді пайдалану арқылы өтті. Соттардың ашық болуы мақсатында біз "Электронды қылмыстық іс" жүйесін пайдалануға көштік. Онда ешқандай сыбайластыққа жол жоқ, тергеу амалдарына дейін бәрі ашық онлайн режимінде өтеді. Электронды формат енгізілгелі 55 іс келіп түсті, оның бесеуі қаралды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: