Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2019 17:06 Ақорда
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау арнауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады. Президент ҚР тарихындағы жаңа кезең жақындап келе жатқанын, жақын арада ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толатынына назар аударды.

– Бұл тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманының жүзеге асқаны.

Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан тұрақты тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстан Республикасының даму жолын "Назарбаев моделі" деген атаумен халықаралық қоғамдастық мойындап отыр. Біз жүйелі де дәйекті реформалармен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын ұстанатын боламыз. Қазір мемлекеттік органдар менің сайлауалды платформаларымды жүзеге асыру үстінде. Біздің жұмысымыз 5 институционалды реформа және ұлт жоспарын жүзеге асырудан басталмақ. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы қайта жандануы керек.

Енді жалпы міндеттер туралы: тиімді мемлекетті жетілдіру. Уәде етілген саяси трансформация халықтың мүддесіне сәйкес жасалады. - Тарих дәлелдегендей, жүйесіз либерализация хаосқа әкеледі, сондықтан біз барлығын біртіндеп жасаймыз.

Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет – бұған әлі қол жеткізген жоқпыз, бірақ осы мақсат жолында біз тез қарқынмен жүруіміз керек. Біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін "еститін" мемлекет тұжырымын жүзеге асыру, тек диалог арқылы үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны өзекті мәселелерді талқылауға тарту қажет. Осы мақсатты Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылды. Жақын арада біз мынадай шараларды жүзеге асыруымыз керек:

1. Партия құру процесін жалғастыру. "Нұр Отан" партиясы елдің жетекші саяси күші, ол күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде орындайды. Біз басқа саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтасуымыз керек. Қоғамды толғандыратын негізгі проблемалар сынға алынып, олардың шешімі көшеде емес, парламентте, азаматтық диалог аясында талқыланып, табылуы тиіс. Депутаттар өз құқықтарын пайдалануы керек, оның ішінде үкіметке өтініштерін жолдау арқылы жүзеге асыруы керек. Сонымен бірге заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қатынастар өзара құрметке негізделуі керек.

Халықпен тиімді кері байланыс орната білу, адамдардың зәру мәселесін шешуге жедел ден қою - мемлекеттік органдар жұмысындағы басты бағыт. Шенеуніктердің келіп түскен өтініш-шағымдары бойынша жұмысының, іс-әрекетінің сапасын бақылап-қадағалайтын арнайы бөлім құрылды. Әділетсіздікке ұшырағандардың қайта-қайта шағымдануы мемлекеттік органдарда жүйелі проблемалардың орын алуда екенін танытады. Мемлекеттік органдарға мықты даярланған жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге, біз мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартатын боламыз, ал одан артылған ақшаны қызметтегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақасын өсіруге бағыттаймыз. 2020 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлердің санын 20 процентке қысқарту керек.

Үшіншіден, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру. Егер бейбіт шаралар азаматтардың тыныштығын бұзу мақсатын көздемесе. Бейбіт жиналыстан қашпай, оны өткізуге рұқсат беру керек, ол үшін арнайы орындар бөлу керек. Бірақ қаланың шетінен емес, алайда кез-келген заңсыз үндеулер мен бұзақылық әрекеттер заң аясында тоқтатылады.

Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келеді, бірақ сол уақытқа дейін біз артық сөзсіз жұмыс істеуіміз керек. Біз этносаралық түсіністік пен достық қарым-қатынастарды нығайту үшін жұмыс жасауымыз керек. Елдегі ең үлкен этнос - қазақтың айналасында саясат құра отырып, оның бәрін жасауымыз тиіс. Жақын арада біз 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын қабылдап, әзірлеуіміз керек.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұндағы басты фактор – сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалау. Соттардың сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Сот шешімдерін мұқият саралау қажет. Дауларда бірыңғай сот тәжірибесі қамтамасыз етілсін. Азаматтар соттарда көбінесе мемлекеттік аппарат ресурстарымен тең емес жағдайда қалуда. Сондықтан әкімшілік сот төрелігін енгізу қажет. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен түсініксіз тұстар азаматтардың пайдасына қарастырылуы керек.

Біз шамадан тыс шараларға жүгінуден және қатал жазалау сынды тәжірибеден алшақ кеттік. Бірақ елімізде жасалып жатқан көптеген ауыр қылмыстар бар. Біз ізгілік дегенге көп мән беріп кеттік. Қайткенмен де зорлық-зомбылыққа, педофилияға, балаларға, адамға қарсы қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажет. Бұл менің үкіметке берген жеке тапсырмам. Браконьерлердің проблемасы бар, олардың қолында қару бар, қауіпті және адамдар мен табиғатқа проблема туғызады. Мұның бәрі осы мәселеге құқық қорғау органдарының көз жұма қарауының кесірінен орын алды. Браконьерлікпен айналысатындарға қатысты жазаны қатайту қажет.

Мен жаңа тұжырымдама негізінде үкіметке азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді тапсырамын. Арыс оқиғасы – армияда проблемалар жиналғанын көрсетті. Қызметтің беделін көтеру керек, қаржылық жағдайды көтеру керек, біздің армия жаңа заман жағдайында төнетін қауіптердің бетін қайтаруға дайын болуы керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы блокқа ерекше назар аударылатын болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс болған бөлімнің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету қажет.

Маңызды міндеттердің бірі – полицияны реформалау болып қала береді. Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органға айналады. Мен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл жұмысқа 173 миллиард теңге бағытталады. ХҚКО сияқты фронт-кеңселер құрылады.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл түрде күшейту қажет. Бұл - менің Парламент пен Үкіметке тапсырмам. Жақында болған қайғылы оқиғалар браконьерліктің ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түріне айналып кеткенін әшкере етті. Браконьерлер арнайы киінген, қаруланған, өздерін жазаламайтынын жақсы сезінеді. Осы жылдың өзінде екі инспектор олардың қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы көлде браконьерлер тобының қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл - тек жекелеген жағдайлар. Бірақ браконьерлік қылмыс тамыры тереңге жайылып, соның ішінде құқық қорғау органдарына да құрығын салған. Браконьерлер табиғатымызды, ұлттық байлығымызды аяусыз жоюда. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату үшін тұрақты шаралар қабылдауды тапсырамын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: