Жұмыспен қамту – білім сапасының басты көрсеткіші
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың бүгінгі күнгі халыққа Жолдауында, еліміздің өркениетті дамуына қатысты және барлық салаға байланысты мәселелер қамтылды. Білім саласының маманы ретінде "Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезені" бөліміндегі білім беру сапасын жақсарту мәселесі мені де алаңдатады. қамту – білім сапасының басты көрсеткіші, дедi Орынқыз Жолдасова, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры.
- Білімді алу жеткіліксіз, оның қолдану аясын анықтау керек, — деп өз заманында неміс философы И.Гете атап өткендей, білімгердің алған білімінің нәтижесі, әрине оның жұмыспен қамтылуымен, табыс алу көрсеткішімен өлшенеді.
Бітіруші жұмыспен қамтылу барысында қандай мәселелерге кезігеді? Бірінші кезекте ол тәжірибесінің жоқтығымен, жасырын емес жоғары оқу орнында алған білім тек теориялық болып тұр. Университетте оқытудың теориялық бағыты түлектерді жұмысқа орналастыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлау деңгейіне жету, өндіріспен байланысты нығайту үшін университеттер жұмыс берушімен бірлескен оқу бағдарламаларын дамытуға, кәсіби практиканың сапалы жүргізуге көңіл бөлу қажет. Тәжірибе жинақтау және одан әрі практика өту орнында жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жоғары оқу орындары түлектерінің арасындағы жұмыссыздық деңгейін едәуір төмендетуі мүмкін. Жас мамандарды сәтті әлеуметтендіру, кәсіби тәжірибе жинақтау, өзін дәлелдеп, әрі қарай жұмысқа орналасу үшін мемлекет түлектерге "Дипломмен ауылға", "Жастар тәжірибесі", "Жастар резерві" сынды көптеген бағдарламалар ұсынуда. Ендігі кезекте жоғары оқу орындары да, жұмыс берушілер де, Президент ұсынысына ортақ шешім табуға ат салысу керек.
Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық рөл беріледі. Оқу¬лықтардың сапасы және қала мен ауыл мектептерінің білім берудегі алшақ¬ты-ғы айтылды. Сондай-ақ Президент жас мамандарды ауылға жіберудің меха-низімдерін ойластыру керек екенін атап өтті. Жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми-зерттеулердің тиім¬ді¬лігін арттыру мәселесіне де тоқталды.
Бұл Жолдаудың тағы бір ерекшелігі, ол қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрі неғұрлым тиімді еке¬нін ескертіп, азаматтарды ашық диа¬лог¬қа шақыруы. Президент шешімін күтіп тұрған мәселелерді де ашық айтып, дәлел келтіре отырып сынады да. Мысалы, кейінгі 5 жылда атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететіндер 77 мың адамнан 1,4 млн адамға жеткендігі және оған бөлінетін қаржының да 2017 жылдан бастап 17 есе өскендігін атап өтті.
Осы тәрізді өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, оларды шешудің ұтымды жолдарын да ұсынды, бұл халықтың көңілінен шығады деген ойдамын