Жаңалықтар тізбегі
0

"Блатнойлар" ҰБТ-ны осылай тапсырыпты

Дидар Смагулов/Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2019 20:30 Дидар Смагулов/Facebook
Тіпті дайынды көшірген біреу өту баллын жинай алмады.

Ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі Дидар Смағұлов Қарағанды ​​облысында анықталған ҰБТ ережелерін бұзу фактісімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Смағұлов Facebook-те бір әйелдің аудиториялардың бірінде тек кәсіпкерлер мен шенеуніктердің "блатной" балалары ҰБТ тапсырғаны туралы шағымданғанын жазды. Бұл жағдай Қарағанды ​​облысындағы ауылдарының бірінде болған екен.

- Видеоны зерделеп, кезекшінің смартфонды ашық түрде пайдаланған 5 адамды әдейі байқамай жүргенін көрдім. Мұндай бұзушылық үшін оны дереу аластатып, тестілеу нәтижелерін жарамсыз ету керек еді. Бірақ әлгі балалар ҰБТ-ны тапсырған. Олардың ішінде тестілеуден өте алмады (49 және 22 балл алып. Смартфонмен отырып 140 баллдан 22 балл алған ол неғылған бала екен). Бірақ екеуі грант алды. Олар ҰБТ-ны өз күшімен тапсырған басқа балалардың тегін білім алу құқығын тартып алды, - деп жазады Смағұлов.

Ол бұл фактіден кейінгі фостфктум бойынша ештеңе жасай алмайтынын айтады.

- Иә, біз ол "кезекшіні" өз тізімдерімізден алып тастадық, өкінішке қарай, қолымыздан бар келгені сол. Мен бұл жағдай туралы білмес те едім, бірақ әлгі екі "блатной" бала университеттегі сыныптастарының алдында ҰБТ-да ашықтан-ашық көшіруге мүмкіндік берген әке-көкелерімен мақтанған. Ауылдағы мектеп түлектерінің алдында да шіреніп тұрып мақтанған... Осының өзінен-ақ қаншама ақылды жастарымыз бұл мемлекетте әділдіктің бар екеніне сенуден қалды. Бұл орасан зияндық, - деп ашына жазды Ұлттық орталықтың басшысы.

Ол ҰБТ электронды форматқа өткеннен кейін мұндай алаяқтыққа жол берілмейтінін айтты.

- Алда әлі біраз жыл қағаз түрінде ҰБТ тапсырылады. Соған байланысты біз ҰБТ өткізу ережелеріне түзетулер енгізіп, кезекшілер көрмей қалған жағдайларды анықтау үшін видеобақылау енгізу туралы бастама көтердік. Мұны 30 000 сағаттық видеоны саралап өз күшімізбен жүргізе аламыз, болмаса қоғамды тартып, тестілеуді онлайн режимінде өткізу арқылы көптеген ереже бұзушылықты анықтауға болады. Қазақстандық жас IT-мамандардың бір тобы 1000 видеодан алаяқтық жасайтындарды автоматты түрде анықтап, уақытты үнемдейтін видео-сараптамалық жүйе құруды ұсынды, - деді Смағұлов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: