Алматыда Әлиханның ескерткіші неге жоқ?
Алматы - еліміздің рухани астанасы. Мұнда еліміздегі ең ірі мәдени ошақтар орналасқан. Сонымен қатар, қазір Алматыда алпыстан астам ескерткіштер мен тас мүсіндер бар екен. Олардың ішінде келмеске кеткен кеңестік кезеңнің мұралары да баршылық, деп жазады Abai.kz.
Мәселен, Алматыда КСРО кезінде "Күн көсем" деп әспеттелген Лениннің екі ескерткіші бар. Алғашқысы - "Сарыарқа" кинотеатрының маңындағы алаңда орналасқан.
Бұл тас мүсін тұңғыш рет 1957 жылдың 7 қарашасында сол кездегі В.И.Ленин атындағы алаңда (қазіргі Астана алаңы) ашылыпты. Ал, 1997 жылы ол ескерткішті "Сарыарқа" кинотеатрының маңындағы алаңға ауыстырған. Мүсіншісі - Е.В. Вучетич, сәулетшісі - Белоцерковский. Мүсіннің биіктігі 12 м, қоладан және қызыл граниттен жасалған. Ескерткіш В. И. Лениннің халыққа сөйлеп тұрған сәтін бейнелейді.
Екінші ескерткіш - 1981 жылы қазіргі Сейфуллин мен Шолохов көшелерінің қиылысына қойылған.
Лениннің бұл тас мүсіні - 1940 жылы Мәскеуде Тверск алаңындағы Марксизм-ленинизм институтының алдында орнатылған Ленин ескерткішінің көшірмесі. Түпнұсқаның авторы - Сергей Меркуров.
Кеңестік кезеңнен қалған тағы бір ескерткіш - екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш С.Д. Лугансктің ескерткіш-бюсті.
Ол қазіргі Абылай хан даңғылындағы Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің арасында орналасқан. Аталған мүсін 1947 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 шілдедегі жарлығымен орнатылған. Мүсіншісі - Павлов Н. И., сәулетші - И. И. Белоцерковский. Бюст қоладан жасалып, сұр гранитпен қапталған тұғырға орнатылған. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Қазан төңкерісі жауынгерлеріне арналған ескерткіш - 1967 жылы революцияның 50 жылдығына орай қойылған. Аталған тас мүсін Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату үшін күрескендерді бейнелейтін мүсін түрінде қойылған. Ол 2012 жылы қазіргі "Сары-Арқа" кинотеатрындағы саябақта орналасқан. Мүсіншісі - Н. Журавлев, сәулетшілер - I. I. Токар, Б. К. Воронин. Тас мүсіннің биіктігі 5,9 м. Ескерткіш тақтада "Сіздердің өлмес істеріңіз ұрпақтардың жүрегінде мәңгі сақталады деп жазылған".
П.М.Виноградовтың ескерткіш-бюсті - қазіргі Қарасай мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол 1956 жылы большевиктік революционер Павел Виноградовтың құрметіне қойылған. Мүсінші - Б.И. Урманче. Биіктігі 1,7 м бюст қоладан құйылған.
М.И.Калининнің ескерткіші - алғаш рет 1972 жылы Алматы 2 теміржол стансасында орнатылды. 2001 жылы қазіргі Сары-Арқа кинотеатрының алдындағы алаңға көшірілген. Ескерткіш Калининнің халыққа сөйлеп тұрған бейнесінде жасалған.
Ф.Фурмановтың бюсті - 1967 жылы орнатылған. 2018 жылы "Сарыарқа" кинотеатрының алдындағы алаңға көшірілді. Генерал И.В. Панфиловқа арналған ескерткіш - 1968 жылы орнатылған. Ол қазіргі Достық даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында орналасқан. Даңқ мемориалы -1975 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 30 жыл толу құрметіне орай орнатылып, жанына Мәңгілік алау қойылды. Төрт бөліктен тұратын мемориалдық кешеннің ашылуы 1975 жылы 8 мамырда болды. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
М.В.Фрунзенің ескерткіші - 1967 жылы орнатылған. 2007 жылы Сары-Арқа кинотеатрының маңына көшірілген. Максим Горькийдің ескерткіші - алғаш рет 1940 жылы орнатылған. Ал, 2015 жылы Сары-Арқа кинотеатрының маңына ауыстырылды.
Одан бөлек, №153 мектептің ауласында Розыбакиевке арналған ескерткіш, № 92 мектептің ауласында "Отан соғысында қаза тапқандарға мәңгілік даңқ" монументі, Әйгерім ықшам ауданы № 149 мектептің ауласында "Қаза тапқан батырларға арналған мәңгілік ескерткіш" монументі, Таугүл ықшам ауданында "Қаза тапқан батырлар туралы естелік" сияқты бірқатар тас мүсіндер бар.
Сонымен қатар,
Мұхтар Әуезовтың ескерткіші - Абай атындағы опера және балет театрының шығыс бөлігінде орналасқан. 1967 жылы қойылған. Мүсіншісі - Т. Досмағамбетов, сәулетшісі - Меңдіқұлов М. Шойын. Аталған ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Жамбыл Жабаевтың ескерткіші - Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрының саябағында орналасқан. 1971 жылы орнатылған. Мүсіншілер Х.И. Наурызбаев, В.Ю. Рахманов; сәулетші М. Меңдіқұлов. Аталған ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Сабыр Шәріповтың ескерткіші - Қарасай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан. 1980 жылы орнатылған. Мүсіншісі - П.И.Шорохов. Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Әлия мен Мәншүктің ескерткіші - Алмалы ауданы, Төле би к-сі, Астана алаңына қарама-қарсы саябақта орналасқан. 1997 жылы қойылған. Мүсіншілер Қ. Сатыбалдин, В. Сидоров. Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Сәбит Мұқановтың ескерткіші - Алмалы ауданы, қазіргі С. Мұқанов пен Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан. 2000 жылы қойылған. Сәулетшісі Т. Жанысбеков. Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Темірбек Жүргеновтың ескерткіші - Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының алдына орнатылған. 2001 жылдың 6 желтоқсанында ашылды. Мүсінші - Е. А. Сергебаев.
Махатма Гандидің ескерткіші - Алмалы ауданы, Жароков к-сі, Жамбыл к-нің қиылысындағы саябақта орналасқан. 2003 жылы ашылғаг бұл ескерткіш Үнді елшілігінің Қазақстанға жасаған сыйлығы. Мүсіншісі - Гаутам Пал (Индия, Мумбаи). Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Райымбек батырдың мавзолейі - 2005 жылы батырдың жерленген жерінде ашылған.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлының ескерткіші - Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшесінің бұрышындағы Қарағайлы паркінде орналасқан. 2007 жылы қойылған.
Ұйғыр композиторы Құддыс Қожамияровтың ескерткіші - Қарасай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы Ұйғыр театрының алдында орнатылған. Ескерткіш 2008 жылы ашылған.
Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші - Абылай хан даңғылындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғимараттар кешенінде орналасқан. Ескерткіш 2012 жылы ашылған. Мүсіншісі - Т. Бинашев
Виктор Цойдың ескерткіші - Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіш 2018 жылдың 21 маусымында ашылды.
Ораз Жандосовтың ескерткіші - Гагарин даңғылы мен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан. 1969 жылы ашылған. Мүсіншісі - Н.Журавлев, сәулетшісі - Т. Сүлейменов. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
"Тәуелсіздік монументі" - Республика алаңы, Қ. Сәтбаев пен К. Байсейітова көшелерінде орналасқан. 1996 -98 ж.ж. Авторлық ұжымның басшысы Ш.Е.Уәлиханов. мүсінші Д. Жұмабаев, Н. Далбаев, А. Боярлин, М. Мансұров, К. Сұраншиев, К. Сатыбалдин, К. Монтахаев. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші - Сәтпаев - Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы ҚазҰТУ университетінің алдында орналасқан. Ескерткіш 1999 жылы академиктің 100 жылдық мерейтойына арналып ашылған. Мүсіншісі - Т.С. Досмағамбетов. Сәулетшісі А. Қайнарбаев. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Әбілхан Қастеевтің ескерткіші - Бостандық ауданы, Сәтбаев к-сі, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының алдында орналасқан. 2004 жылы ашылған. Мүсіншісі - Н. Далбай, сәулетшісі - Р. Сатыбалдиев. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Желтоқсан көтерілісіне арналған "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші - Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіш 2006 жылы Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай ашылды. Сәулетшісі - Тимур Сүлейменов.
Күләш Байсейітованың ескерткіші - К.Байсейітова атындағы музыка мектебінің алаңында орналасқан. Ескерткіш 2011 жылдың 15 қыркүйегінде әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Мүсіншісі - Т. Бинашев. Ал, әншінің Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы, орталық зиратта 1960 жылы қойылған мүсіні Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Амангелді Имановтың ескерткіші - Медеу ауданы, Абылай хан даңғылы, Амангелді бағында орналасқан. 1947 жылы ашылған. Мүсіншісі - X. Асқар-Сарыджа, сәулетшісі - Т. Басенов. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Абылай ханның ескерткіші - Жетісу ауданы, Алматы – 2 вокзал алаңында орналасқан. 2000 жылы ашылған бұс мүсіннің авторы - К. Сатыбалдин. Сәулетшілер Т. Ералиев, С. Баймағамбетов. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Ғабит Мүсіреповтың ескеркіші - Абылай хан даңғылындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театрының алдында орналасқан. 2002 жылы ашылған бұл мүсіннің авторы - К. Сатыбалдин. Сәулетшісі - В. Кацев
Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші - Желтоқсан мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан. 2002 жылы ашылған аталған мүсіннің авторы - Н. Далбаев, сәулетшілер Р. Сатыбалдиев, К. Манаев. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Абай Құнанбайұлының ескерткіші - Достық даңғылы, Абай атындағы алаңда орналасқан. 1931 жылы қойылған бұл мүсіннің авторы - X.И. Наурызбаев, сәулетшісі - И. Белоцерковский. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Шоқан Уәлихановтың ескерткіші - Шевченко көшесі, ҚР Ғылым Академиясының алдындағы алаңда орналасқан. 1969 жылы қойылған. Мүсіншісі X.И. Наурызбаев, сәулетші Ш.Е. Уәлиханов. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Ғани Мұратбаевтың ескерткіші - Достық даңғылы, Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан. 1985 жылы қойылған мүсіннің авторы - Т. Досмағамбетов. Сәулетшілер: Ш. Валиханов, А.С. Қайнарбаев. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Дінмұхамед Қонаевтың бюсті - Бөгенбай батыр мен Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан. 1978 жылы қойылған мүсіннің авторлары - Т.С. Досмағамбетов, А.Б. Татаринов, сәулетшілер А.К. Капанов, Ш.Е. Валиханов, И.Я. Токарь, Б.В. Дмитриевский. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Александр Пушкиннің ескерткіші - Ш.Уәлиханов көшесі, ҚР Ғылым Академиясы ғимаратының шығыс жағындағы саябақта орналасқан. 1999 жылы қойылған бұл мүсіннің авторы - А. Бичугов, сәулетшілер А. Анчугов, Т. Ералиев. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Тарас Шевченконың ескерткіші - Шевченко көшесі мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан. 2000 жылы қойылған бұл мүсіннің авторы - В.Н. Рожин. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Мұқан Төлебаевтың ескерткіші - Төлебаев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан. 2002 жылы қойылған бұл мүсіннің авторы - Е. Рахмадиев, сәулетшісі Қ. Жарылғапов. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш - 28-гвардиялық- панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. 2003 жылы қойылған бұл мүсіннің авторы - К.Сатыбалдин, Сәулетшісі - В. Сидоров. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Битлз тобының ескерткіші - Көк-Төбеде орналасқан. 2007 жылдың 15 мамырында қойылған мүсіннің авторы - Эдуард Газарян.
Әлкей Марғұланның ескерткіші - Қазақстан Ғылым академиясы ғимаратының батыс жағындағы саябақта орналасқан. 2010 жылы ашылған бұл мүсіннің авторы - Н.Далбай.
Бауыржан Момышұлының ескерткіші - 28 панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. 2010 жылы жылы ашылған бұл мүсіннің авторы - Н.Далбай мен Р.Сатыбалдиев.
Жүсіпбек Елебековтың ескерткіші - Бөгенбай батыр мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан Республикалық эстрада-цирк колледжінде орналасқан. Ескерткіш 2011 жылы ашылды. ,
Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші - ҚР Орталық мемлекеттік музейінің алдындағы алаңда орналасқан. 2011 жылды ашылған бұл мүсіннің авторы М.Азмағанбетов және сәулетші Қ. Жарылғапов.
Кенен Әзірбаевтің ескерткіші - "Горный гигант"ықшамауданында орналасқан. Ескерткіш 2013 жылғы 11 желтоқсанда ашылды.
Әліби Жангелдиннің ескерткіші - Алматы 1 вокзалалды алаңында орналасқан. 1975 жылы орнатылған бұл мүсіннің авторлары Т.С. Досмағамбетов, О.Г. Прокопьева, сәулетші Ш.Е. Уәлиханов. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Шәкен Аймановтың ескерткіші - Райымбек даңғылында орналасқан. 1974 жылы қойылған бұл мүсіннің авторы - В. Федоров. Ескерткіш Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш - 2017 жылы Наурызбай мен Қабанбай көшелерінің қиылысындағы алаңда орнатылған.
Денис Тенге арналған ескерткіш - 2019 жылы Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында орнатылды.
Одан бөлек, Мұхамеджан Тынышпаевтың бьюсті, Ахмет Байтұрсынов бьюсті, "Мүсіндер саяжайы", ақын И.Байзақовтың, композитор А. Жұбановтың, актер Қ.Қуанышбаевтың, саяси қайраткер Ж. Шаяхметовтің, геолог Қ.Сәтбаевтың зират басындағы ескерткіші, М.О. Әуезовтің зират басындағы ескерткіші, И. Панфиловтың ескерткіші, Т.Бокиннің ескерткіші, "Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш", Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған "Даңқ мемориалы" сынды ескерткіштер Алматы қаласы мәслихатының V сайланған XXXI сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі N 261 шешімі бойынша Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау тізіміне енген.
Түйін. Алматыда алпыстан астам ескерткіш бар екенін айттық. Ашық қордағы мәліметтерді келтіре отырып, оларды түгендеп те шықтық. Бір байқағанымыз, Алматыдай алып шаһарда ұлттық мемлекет құру жолында шейіт кеткен Әлихан Бөкейхановқа арналған бір ескерткіш орнатылмапты. Бірақ, кеңестік кезеңді ұмыттырмайтын Ленин, Калинин, Фурмановтардың бірнеше тас мүсіндері сақталғанын көрдік.
Енді, бізді мазалаған бір сұрақ - Тәуелсіздіктің түңлігін түрген Алматыда қазақтың тұңғыш көшбасшысы Әлиханға арналған бір ескерткіш неге жоқ?
Нұрбике Бексұлтанқызы, Abai.kz