Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде медициналық өнімдерді өндірудің жайы қандай

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 16:59 видеодан кадр
Медицина өнімдері мен дәрі-дәрмекке қойылатын талаптар бір-біріне тәуелсіз болуы керек.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан өзінің даму жолында барлық салаға жіті көңіл бөліп келеді. Соның ішінде медицина саласы. Біздің елде медициналық өнімдерді (шприцтен бастап рентген құрылғыларына дейін) шығаратын, ресми түрде тіркелген 27 компания бар. Осы салада 26 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық өнімдерді өндірудің қиындықтары, бәсекелестік және мамандар тапшылығы жайында материалдан оқып біле аласыздар.

"СҚ-Фармация" отандық медицина өнімдерінің бірыңғай дистрибюторы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында медицина өнімдеріне қойылған сертификацияны қысқа уақытта қайта өту туралы шешім қабылдаған. Бұған қатысты отандық өндірушілердің шағымы бар.

Өндіріс орнын толық сертификаттау үшін екі айға дейін уақыт керек. Медицина өнімдірерін өндіретін компаниялар бұл өте күрделі процесс екенін алға тартып, сертификацияны алуға уақыт беруін сұрап отыр.

"Біз Қазақстан заңнамасына сай сертификацияны қайта өтуге қарсы емеспіз. Бірақ үш аптаның ішінде 8 зауытты сертификаттау мүмкін емес нәрсе", - дейді медициналық өнімдерді шығарумен айналысатын компанияның директоры Қайрат Қаймолдаев.

Өнідірушілер мемлекеттік органдардың бұл мәселеге атүсті қарауынан елдегі медицина мекемелері зардап шегуі мүмкін екенін айтады. Себебі өндіріс орындары ауруханаларға қолғап пен шприцтен бастап жүрек импланттарына дейінгі өнімдерді дер кезінде жеткізе алмай қалуы мүмкін.

ҚР Медицина өнімдерін өндірушілер ассоциациясының төрайымы Мұхамеджанова Гүлмираның айтуынша, медицина өнімдері мен дәрі-дәрмекке қойылатын талаптар бір-біріне тәуелсіз болуы керек.

"Медицина өнімдері тек шприц пен спирт қана емес, сол шприцтен бастап, томография, рентген аппаратарына дейінгі құрылғыларды қамтиды. Оның өз нарығы, тауар айналымы бар. Сондықтан да оған жеке құрылым ретінде қарау керек. Бұл жағдайды бірінші кезекте мемлекеттік органдар назарына алуы тиіс. Шетелде бұл екі сала бір-біріне тәуелсіз, бөлек құрылым. Еуразиялық экономикалық комиссияда да медицина өнімдері мен дәрі-дәрмектер бөлек қарастырылады. Сондықтан біз бұл екі құрылымға қойылатын талаптарды араластырмай, ажыратып алуды көздеп отырмыз", - дейді Мұхамеджанова.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 16:59

Төрайымның айтуынша, медицина тауарының нарығына қатысты Қазақстанның заңнамалық базасы әлі жетілмеген.

"Біздің ассоциация дәл осы заңнамалық базаны дамыту үшін, оны нарыққа үйлестіру үшін құрылды. Мұнда өнімдердің бағасы сынды проблемалар да бар. Оның барлығын болдырмау үшін, Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл процессті біріздендіруі керек. Сонда ғана біз қай бағытта, қалай дамитынымызды түсінер едік. Біз өз тарапымыздан мемлекеттік органға көмектескіміз келеді және қолдан келгенді істеп жатырмыз. Қазір өндіріс орындары кадрларды өздері дайындап, дамытып жатыр. Ал оларды жүйелейтін – өкілетті органдар. Қазір Қазақстанда тіпті медицина өнімдеріне бейімдейтін мамандық жоқ. Ресейде ол квалификациялық анықтамаға кіріп үлгерген. Мұндай мәселелер кешенді түрде ушығып кетпеуі үшін, тұтас бір бағдарлама қажет", - дейді ол.

Өз кезегінде "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, қазіргі уақытта бұл сұрақ уақытша шешілген.

"Техникалық қадағалау комитеті өз жағынан хабар жіберді. Қазір енді екі заңнаманың ішінде қайшылықтар болуы себепті. Сіз сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде халықаралық сертификаттарды қабылдауға мүмкіншілік бар. Өз жағымыздан бұл заңнамаларға өзгерістер енгіземіз деп уәде береміз. Отандық өндірушілерден бұл сертификатты қабылдап жатырмыз. Бірталай өндірушілермен кездесу өткіздік. Осы аптада тағы да бес өндірушімен кездесіп шартқа отырамыз", - дейді Берік Шәріпұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 16:59

Нарықта медицина өнімдерінің бағасына қатысты да проблемалар бар.

"Ертең 2020 жыл келеді, бірақ біз өнімдерді әлі де 2012 жылғы бағамен сатуға мәжбүрміз. Егер бұлай жалғаса беретін болса, біз қызметкерлерімізді қысқартуға, тіпті зауыттарымызды жабуға мәжбүр боламыз", - дейді медөнімдерді шығаратын компания директоры Баққұлова Бағлан.

Медицина өнімдерін өндірушілер ассоциациясы барлық талабын ресми Мемлекет басшысына да жолдаған.

2012 жылдан бастап "СҚ-Фармация" ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алудың, сондай-ақ оны одан әрі қаржылық лизинг шартымен денсаулық сақтау ұйымдарына берудің ұйымдастырушысы болып табылады. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүз пайыз қатысу үлесін иемдену және пайдалану құқықтары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: