Жаңалықтар тізбегі
0

Елде жаңа ет комбинаттары мен сүт зауыттарын салмау ұсынылды

kubanmakler.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 18:09 kubanmakler.ru
Қолданыстағы мұндай кәсіпорындардың жүктемесі бар болғаны 40% құрайды.

Елде ет зауыттары мен сүт фермаларын салдырмау мәселесі талқыланып жатыр, деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- 2017 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы тауарлық субсидиялардан бас тарта бастадық. Алдымен жарма, содан кейін майлы дақылдар мен көкөністер мен бақша өнімдерін субсидиялаудан бас тарттық. Енді біз субсидияны ірі қара мал етінен, жұмыртқа, қымыз бен шұбат, күріш, мақтадан алып тастауды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл өнімдер өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткен, - деді Омаров.

Ал одан босатылған қаражат салада қалады және асыл тұқымды мал сатып алу, сондай-ақ импортқа тәуелді позицияларды субсидиялау сияқты басым бағыттарға қайта бөлінеді.

Омаровтың айтуынша, өнімге субсидия бөлу өндірісті ұлғайтуғы тиімді экономикалық ынталандыру тудырады, бірақ мемлекеттік қолдаудың бұл түрі ішкі нарық қаныққанша уақытша болуы керек.

Үкіметте түсіндірілгендей, инвестициялық субсидиялар машина-трактор паркін жаңартуды ынталандыратын болады, агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялауға және жаңа өндірістер құруға, оның ішінде импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті іске асыру мәселелеріне ықпал етеді.

- Яғни, қазір 39 инвестициялық паспорт бар, соған сәйкес инвестицияның бір бөлігі ішінара өтеледі. Субсидияланған бағыттар қаралды және тиімсіз паспорттар оңтайландырылды. Мысалы, жайылымдарды суландыруға арналған ұңғымаларда субсидия мөлшері 80% -дан 25% -ға дейін төмендетіледі. Элеваторлар бойынша паспорт алып тасталады, өйткені сақтау қуаттары жеткілікті. Сондай-ақ, ет өндіретін зауыттар мен сүт фермалары құрылысына тыйым салу мәселесі талқыланады, өйткені бізде ондай комбинаттар жеткілікті, әрі олар тек 40%-ға жүктелген, - деді Сапархан Омаров.

Осылайша, инвестициялық паспорттарды оңтайландыру арқылы шамамен 20 миллиард теңге ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын жаңарту, ет-құс фабрикалары, бау-бақшалар, жылыжайлар, жемістер мен көкөністерді сақтау инфрақұрылымы сияқты басым бағыттарға қайта бөлінетіні атап өтілді.

- Сонымен қатар, "өндіріс – өңдеу – сату" тізбегін құру керек, ол үшін нарықта кездесетін контрафактілік өнімдермен күресу керек, бұлар ірімшік өнімдері, құс еті, шұжық және т.б. Яғни, біз тек өндіріске ғана емес, сонымен бірге отандық өнімді сатуға да жағдай жасауымыз керек, - деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: